К книге
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 БөлімӨмір дуэлінен жеңілмеңіз
48%
Өмір дуэлінен жеңілмеңіз
24

Ғасырлар бұрын адамдар намыс мәселесін шешу үшін дуэль сайысын қолданған, ер адамның бетіндегі дуэльді тыртықтар (шрам), әйелдердің көз алдында оның сүйкімділігін арттыратын. Егер оның бетінде тыртықтар көп болса, ол адам әдемі болып саналды. 19 ғасырдың ұлы мемлекет қайраткері Бисмарк көрнекті дуэлист болды: ол кез келген мәселені дуэльмен шеше алатын. Бірде ол ғалым, профессор Вихровтың оны қорлағаны үшін қатты ашуланды. Бисмарк қатты ашуланып, профессорды дуэльге шақырды. Көрнекті ғалым бұған біраз таң қалды, өйткені егер ғалымдар дуэлист болса да, әдетте олар әскери мағынада емес. Бірақ Бисмарк Вихровты шақырған соң, профессорға қару таңдау ғана қалды. Келісілген күннің сұр таңы келіп, дуэлистер екі экипажбен (арба) келді, олардың секунданттары (жекпе-жекке шығушының серігі) мен дәрігерлері дуэль болатын жерге дейін жетті. Олар арбадан түсіп, дуэль алаңының ортасында кездесті. Бисмарк: «Қару таңдау сіздің еркіңізбен болды, сэр. Сіз нені таңдадыңыз?» деп сұрады. Профессор Вихров екі дәмді шырынды шұжық шығарды, және Бисмаркке ғалым болғандықтан, ол бұл шұжықтарды қару ретінде таңдағанын түсіндірді. Бірінші шұжық өлімге әкелетін микробтармен толтырылған, екіншісі жеуге жарамды. Профессор Бисмаркқа бұрылып: «Қаруыңды таңда, біз бүгіг бірге таңғы ас ішеміз» деді. Бисмарк екі шұжыққа қарады, олардың бірі ауыр өлімді білдіретінін түсінді, ашуланып бұрылып, қып-қызыл бетімен дуэль алаңын тастап, жеңілгенін мойындады. Мен бұл туралы ойласам әрқашан күлемін. Сосискалармен дуэль! Дуэль зорлық-зомбылықпен емес, өмір мен өлім арасындағы таңдауды ұсыну арқылы шешілді.

Бұл күні сізді де дуэльге шақырады. Бүгін сіз мың рет жекпе-жекке шығасыз, оның басым көпшілігі өзіңізбен. Бүгін сізде көптеген таңдау болады – не айту керек, не деп жауап беру керек, қалай әрекет ету керек және сіздің алдыңызда бағанағы екі шұжық болады: улы және зиянсыз. Сіздің ойларыңыз теріс және улы болуы мүмкін, сізді баяу ауру батпағына апаратын, жалғыздық пен кедейлікке батыратын, немесе олар мейірімді, позитивті, рух көтеретіндей болуы мүмкін, және сізді мәңгілік өмірге, махаббат пен бақытқа жетелейтін.

Сіз таңдау алдында тұрған сайын, бүгін не істеу керек және не айту керек т.б. – профессор Вихровты еске алыңыз және сол екі шұжық туралы ойланыңыз. Жақсылықты таңдаңыз, жақсылық туралы ойды таңдаңыз, қызғаныштан, ашуланудан, мойындамаудан, күмәнданудан, қорқыныш пен кінә сезімдерінен бас тартыңыз. Көңілді өмір, махаббат пен бақыт туралы ойланыңыз. Махаббат, көңілді өмір мен бақыт туралы сөздер айтыңыз – және мұның бәрі сіздің күніңіз бен өміріңізді толтырады.

Предыдущая главаГлава 24 из 50Следующая глава