К книге
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 БөлімБақыт аралына барғыңыз келе ме?
50%
Бақыт аралына барғыңыз келе ме?
25

Сіз бәрінен қашқыңыз келді ме? Сіз бәрінен бас тартқыңыз келді ме? Сіз алыс мұхиттағы оқшауланған бақыт аралы туралы армандадыңыз ба? Немесе күнделікті өмірдің барлық қиыншылықтарынан жасырынуға болатын тау үңгірі туралы армандадыңыз ба? Менің ойымша, біз бәріміз оны (бақыт аралын) қалайтын сияқтымыз. Қарама-қайшы қалаулар бізді үнемі іштей жейтін сияқты. Бір жағынан, біз сәттілік пен жетістіктердің орталығында болғымыз келеді, ал екінші жағынан – тыныштық пен жалғыздыққа шегінгіміз келеді. Мүмкін бұл біздің ішкі тепе-теңдік сезімін жоғалтқандықтан шығар? Әлде біз өзімізбен бірге ағып жатқан өмір өзеніне қарсы болып кеттік пе? Білесіз бе, біздің тәкаппарлығымыз және жұмысты кез келген жағдайда аяқтау қажеттілігі, біздің ақыл-ойымыз бен денсаулығымызға демалу мен сауығу қажеттілігін сезінгенше, аяусыз қинайды. Мерзімді түрде, біз күнделікті асығыс, күйбең тіршіліктен тынығуымыз керек. Ескі маятник сағаттарын көрдіңіз бе? Маятник жан-жаққа тербеледі, әр бағытта бірдей қашықтықта. Бұл оның тапсырманы жақсы орындауы үшін қажет және бұл біздің өмірімізге қажет тепе-теңдік. Біз өзімізді тым қатты итермелейміз, ақыл мен денеге демалуға және қалпына келуге уақыт бермейміз. Бізге ақыл-ой, рухани және физикалық тұрғыдан «зарядтауға» уақыт қажет. Бізге ішкі жан дүниемізбен бірге дамитын тепе-теңдік жағдайы қажет. Өзімізбен, шынайы болмысымызбен, бірнеше минут жалғыздық пен жан тыныштығы – біздің күшімізді, ерік-жігерімізді қалпына келтіреді.

Бақытты өмірге қол жеткізу үшін Америкаға барып білім алудың немесе Турциядан үй сатып алудың қажеті жоқ. Менің ойымша, егер сіз өзіңіздің ішіңізде тыныштық пен үйлесімге (баланс) қол жеткізе алмасаңыз, онда сіз қай жерде болсаңыз да бақытсыз боласыз.

Күнделікті күйбең тіршіліктің арқасында біз демалуға және өзімізге көңіл бөлуге уақыт жоқ деп ойлаймыз, бірақ егер біз сәтті, бақытты және табысты адамдар сияқты болғымыз келсе, уақыт табуымыз керек. Білесіз бе, біз өз-өзімізді толықтай қамтамасыз ете алатын жаратылыс емеспіз. Сондықтан біз әрдайым Жаратушыға тәуелдіміз. Өзімізден абсолютті жоғары «Шексіз Күш» пен шыдамдылықтың арқасында біз өз ойымызды ашық ұстауға үйрене аламыз – осылайша күнделікті жан-дүниеміз күйзелістен шығып ішкі тыныштыққа енеді. Бұл сізден соншалықты үлкен күш немесе көп уақыт талап етпейді. Бізге жай ғана ес жиып, жан мен тән арасындағы конфликтті шешіп, тепе-теңдікке, татулыққа қол жеткізу керек. Себебі жан құмары (десін/демесін) мен тән құмары (тамақ ішу, ұйықтау) әрдайым сіздің ішіңізде билік үшін таласады.

Бүгіннің өзінде сіз тығылатын тау үңгірін немесе жалған бақыт аралын таба аласыз. Есіңізде болсын: сізге қажет шын бақыт – сіздің ішіңізде. Ал оның кілті – нәпсі (жан + тән) тепе-теңдігін сақтау.

Предыдущая главаГлава 25 из 50Следующая глава