К книге
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 БөлімСіздің әрбір сөзіңіз – сіздің кім екеніңіз
46%
Сіздің әрбір сөзіңіз – сіздің кім екеніңіз
23

Сіз адамдармен қарым-қатынас жасауды білесіз бе? Сіз мінберге шығып, үлкен аудиторияға сөйлей аласыз ба демеймін. Мен сіздің әдеттегі күнделікті қарапайым қарым-қатынасыңызды сұрап тұрмын. Сіздің орныңызға жауап берейін. Әрине сөйлей аласыз, қарым-қатынас жасай аласыз. Сіздің айтқаныңыздың бәрі тыңдаушыларға әсер етеді. Сіз сөйлегенде басқаларға қандай әсер қалдырасыз? Егер сіз юморға бейім болсаңыз, онда адамдар күлетін шығар. Егер сіз ашуланшақ адам болсаңыз, сіз басқаларда қорқыныш пен ренішті оята аласыз. Егер сіз мейірімді және ізгі ниетте болсаңыз, мүмкін сізбен сөйлесуден кейін басқа адамдар жан дүниесінде жылулық сезінетін шығар. Егер сіз үнемі шағымданып жүрсеңіз, сіз басқа адамдарға өзіңіз туралы пікір білдіруге көмектесуіңіз мүмкін.

Сіздің әр сөзіңіз тыңдаушыға әсер етеді. Сіздің бұған сенетініңізге сенімдімін. Сіз, қарым-қатынас жасайтын барлық адамдар туралы ойлайсыз, және сіздің сөздеріңіздің әсері қаншалықты аз немесе үлкен болса да, сөздердің әсері бар екендігіне келісуіңіз керек. Мен бұл ойды кеңейткім келеді: сіздің айтқаныңыздың барлығын еститін бір ғана адам бар, ал бұл адам – сіз! Басқалар, сіз айтқандардың, бір бөлігін ғана естиді, бірақ сіз, әр сөзіңізді, өзіңіз ғана естисіз. Сондықтан сіз басқаларға қалай әсер етсеңіз де, бұл әсердің бір бөлігі ғана болады, барлық әсерді, сіздің айтқан сөздеріңізден – өзіңіз ғана аласыз. Ойланыңыз: сіздің сөздеріңіздің күші мен олардың сіздің өміріңізге әсері орасан зор.

Егер сіз табысты болғыңыз келсе, арзан уәде бермеңіз. Әйтпесе, сізді тыңдайтын адамдар ерте ме, кеш пе алданып қалғандай өзін сезінеді, ал сіздің сөздеріңіз, өтірік уәдеңіз сізге негативті әсер ететін болады. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінбейтін болсаңыз, денсаулығыңыз туралы үнемі айтып, басқаларды мазаламаңыз. Сіз сөйлескендердің бәрі бұл соққының аз ғана бөлігін сезінеді, бірақ сіздің денеңіз сіз айтқаннан толық соққы алады. Біз қазірдің өзінде біздің сөздер адамдарға әсер ететініне келістік, сондықтан, егер сіз қаласаңыз, біреудің өмірін жақсы сөзбен жақсартуға болады. Егер сіз шын жүректен сөйлесеңіз, сіз өзіңіздің өміріңізді жақсартатындығыңыз сөзсіз, өйткені сіз айтқандарыңыздың барлығын қабылдайсыз. Осылайша сіз өз өміріңізді тыңдаушылардың өмірінен әлдеқайда пайдалырақ қалыптастырасыз. Сіз балаларыңызға, әріптестеріңізге немесе үйіңізге келген қонақтарға не айтсаңыз да, сіз бәріне әсер етесіз, бірақ сіз өзіңіз айтқан әрбір сөзден өз үлесіңізді аласыз.

Бұдан үлкен ақиқатты көре аласыз ба? Сіздің көмегіңізбен, өз сөздеріңіздің көмегімен, басқаларға әсер ету, сізді де өзгертеді. Сіз басқалармен қалай қарым-қатынаста болсаңыз, сізге де солай қарым-қатынас жасайтынын түсінесіз бе? Сіз өз өміріңізді қалыптастыру барысында, өміріңізге сөздің күшімен әсер етесіз, сондықтан әр сөзіңізді тыңдауды ұмытпаңыз. Себебі әрбір ішкі сөз, ол – ой. Ал сыртқы сөз ол – тіл.

Предыдущая главаГлава 23 из 50Следующая глава