Əр адамның өз əлеуетін, қабілетін іске асырудың, жан жарығын жағудың туа біткен қажеттілігі бар. Тек қиыны – бұл өсу мен дамуға деген ұмтылыс, жан құмары бізді қазіргі жағдайға (осы шаққа) үнемі наразылық етуге, қарсылық білдіруге мәжбүрлейді. Бізді бақытты етуге кедергі болатын үш негізгі сенім бар:
Бірінші: «Менде жоқ нəрсе менде бар нəрселерден жақсырақ». Басқаша айтқанда: «Ел-жұртта бар, менде неге жоқ?», яғни барымымздың бағасын, қадір-қасиетін білмейміз, ал бізде жоқ нəрсе əрдайым артығырақ болып көрінеді.
Екінші: «Менде бар нəрселер одан сайын көбейсе». Бізде қанша жеткілікті болса да, тіпті асып-тасып жатсақ та, одан да көп болса жақсы болар еді деген түсінік. Бұны басқаша дүниеге тоймау деп атайды. Негізінде бізден де жағдайы нашар, кем адамдар бар, бірақ оларды біз көргіміз келмейді.
Үшінші: «Мен қалаған нəрсені алған кезде, қалғаным орындалған кезде, қалағаныма жеткен кезде мен бақытты боламын». Бірақ бұл шынымен рас па? Біз салдарын білмейміз, адамның қалауының орындалуы өкінішке де қуанышқа да алып келуі мүмкін. Жаратушының заңдылығы сондай.
СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ ТЕК ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МА?
Сіз «сәттілікке жету моральы» ұғымымен таныссыз ба? Оның мəні қарапайым жəне мынадай: «Қалауыңа жет жəне сен бақытты боласың». Бұл тезистің негізі, егер адам көп жұмыс істеп, барлық проблемаларын шешсе, онда бір күні ол бақытты болады деген сенім. Әрине бұл «Шын Бақыт» емес. Себебі біздің ойларымыз бен əрекеттеріміздің көп бөлігі проблемаларды шешуге бағытталған. Өзіңіз білетіндей, сіз ойлағанның бəрі өмірге айналады. Сонымен, сіз не туралы ойлайсыз? Əдетте проблемалар туралы. Шын мəнінде, біздің көпшілігіміз оянған сәттен бастап бірінші кезекте сол күні қандай проблемаларды шешу керек, алда қанша жұмыс күтіп тұрғаны туралы ойлар келеді. Біз үшін жағдай қалай болу керек, жағдайды қалай түзету керек, қиындықтарды қалай жеңуге болатындығы туралы ойлануға дағдыланғанбыз. Сондықтан, бізде əрдайым уақыт жоқ, біз автоматты түрде келесі күнгі проблемаларға дайындаламыз немесе өткен проблемаларды еске түсіреміз. Бірақ өмірге қараңыз: проблемаларды шешу, қажырлы еңбек жəне қалаған нәрсеге жету қалаған зат, мүлікке ие болу өмірді толық жақсарта алмайды. Егер сіз мұны түсінсеңіз, өмірде жай ғана болудың белгілі бір жеңілдігі мен қуанышы жоғалады. Проблемалар, қалау-ниет, еткен еңбек, жұмсалған уақыт бұның барлығы салдары, ал «Шын Бақытқа» жету үшін адам себебімен айналысу керек.
ЖАРАТЫЛЫС ПРОЦЕСІН ТҮСІНУ
Жаратылыс процесі туралы сөйлесейік. Егер сіз өзіңіздің өміріңізді қайтадан құрғыңыз, құрастырғыңыз келсе немесе оны жақсартқыңыз келсе, жаратылысқа қарсы емес, онымен бірге жүруіңіз керек. Мұны істеу үшін алдымен болу керек, содан кейін жасау керек, содан кейін алу керек. Осы принцип бойынша барлық ғаламның заңдылықтары ұйымдастырылған. Болмыс – бұл қазіргі ақыл-ой жағдайы, бұл ішкі сезім, жалпы адам жаны. Сыртқы жағдайлар сіздің бақыт сезімін немесе өмірге қанағаттану дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл үлкен қауіп, өйткені сыртқы жағдайлар сіздің өміріңізді жəне өзіңізге деген көзқарасыңызды басқара бастауы мүмкін, әсіресе улаушы, вирусты ақпараттар. Егер сіз үнемі: «Мен бақытты боламын… (өзіңіз жалғастырыңыз) бір нәрсе істегенде, бір нәрсеге ие болғанда» – сіз ешқашан шын бақытты таба алмайсыз.
Жаңа жұмыс сіздің өміріңізді өзгертеді деп ойлайсыз делік. Сіз оны табасыз, бірақ көп ұзамай бəрі қалыпты жағдайға оралады: қайтадан жағымсыз адамдармен сөйлесуге, бір нəрсе үшін жауап беруге, уақыт өте келе, сіздің сезімдеріңізді бөліспейтіндермен жұмыс істеуге тура келеді. Жаңа жұмыс өзін-өзі қабылдауға айтарлықтай түзетулер енгізбегенін көріп, сіз бақыттың басқа көзін іздей бастайсыз. Тұйық шеңберде, мүмкін сіздің өміріңізді жаңа дос, жаңа үй, жаңа бала, жоғары жалақы өзгертетін сияқты көрінеді. Бірақ сіз қалаған нəрсені алған кезде, шын бақыт сезімі пайда болмайды. Ешқандай сыртқы факторлар бізді бақытты ете алмайды, өйткені бақыт – бұл ішкі жағдай. Іштей бақытты болуды білмейтін адам сыртқы қоршаған ортаның құлы болады.
НЕЛІКТЕН «СƏТТІЛІК МОРАЛЬЫ» ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Біз ғаламның «болу, жасау, алу» қағидасы бойынша құрылғанын айттық. Бірақ біздің көпшілігіміз өмірде басшылыққа алатын сəттілік этикасы, өкінішке орай, «жасау, алу, болу» деген басқа қағидаға негізделген. Осыған сəйкес, сіз əрекет жасайсыз бір нəрсеге (ақша, зат, мүлік,) ие боласыз, сол кезде сіз риза жəне бақытты боласыз. Бірақ бұл рас па? Шын мəнінде, біз жəне сіз бізден бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда əлдеқайда көп өмірлік артықшылықтарға ие болып өмір сүріп жатырқ. Біз қалаған нəрсені жасауға көбірек уақыт бөле аламыз, оны өз қалауымыз бойынша жұмсай аламыз, ақшамен де солай. Біздің өркениетіміз бұрын-соңды білмеген технологиялық даму деңгейіне жетті. Бірақ айналаңызға қараңыз – сіз жер бетінен жұмақ көресіз бе? Көбіміз ең бақытты жəне қанағаттанған адамдардан алыс екенімізді байқаймыз, бірақ шын мәнісінде бұл өмірде ешкім бақытты емес, ал ең бақыттылар тек өздерін солай санайды, есептейді. Неге? Себебі олар бақыт деген сөзді белгілі бір әрекеттермен не дүние-мүлікпен, танылумен байланыстырып қойған. Олардың арасында (шылқыған байлар, танымал жұлдыздар) өтірік бақыттылар толып жүр. Ал шын бақыттылар көп емес. Шын бақытты болу үшін не істеу керек?
Мəселе мынада, өмірдің өзі бүкіл ғаламмен бірдей принцип бойынша ұйымдастырылған: «болу, жасау, алу». Іштей бақытты бола отырып, сіз өзіңізден бақытты адам жасай бастайсыз, содан кейін, сіз бақытты деп санайтын күнделікті көріп жүрген, оларда да бар нəрсе, сіз де бола бастайды. Руханият шындықтарының бірі – қалау қателік пен өкініш тудырады. Басқаша айтқанда, егер сіз одан да көп нəрсені қаласаңыз жəне сізде бар нəрсені қабылдамасаңыз, сіз қиналасыз. Бірақ бұл сіздің өміріңізге жаңа пайда əкелмеу керек дегенді білдірмейді. Керісінше, адам мақсатты жəне шығармашылық сипатқа ие. Сонымен бірге, керек нəрсенің барлығы жеткілікті болғанына қарамастан, ақшаның саны көп болса да, көпшілігіміз бақытсыз боламыз. Біз үнемі бізде жоқ, ел-жұртта бар нəрсені қалаймыз жəне біз оны алған кезде, бақытты сезінудің орнына, біртүрлі сезім туындайды: «осы-ақ па?», «жалғасы жоқ па?». Көңіл толмаушылықтан қаншама адам адасып келеді. Адамзат ғарышты бағындырып, аспанды жаулап аламыз деді, бірақ тілектің орындалуымен бірге көңілсіздік пайда болды, өйткені аспан бізге әлі толығымен бағынған жоқ.
Дін бізді дүниеқұмарлық пен нəпсіқұмарлықтан бас тартуға үйретті. Бұл өте маңызды, бірақ бұл сөздердің негізгі мағынасы бұл емес. Өмірдің негізгі мәні – қазіргі жағдайды қабылдау жəне қазір бар нəрседен лəззат алу өте маңызды, өйткені одан басқа (әзірше) сіз де ешнəрсе жоқ. Сіз қазіргі уақыттағы жан тыныштығына, өмірдің қуанышына, болғаныңызға разы болыңыз, сонда сіз қалаған нəрсеге жете аласыз. Қазіргі, бүгінгі күнмен өмір сүру – бұл жай ғана қазіргі жағдайды қабылдау жəне көп нəрсеге ұмтылмау дегенді білдірмейді. Сіз қазір арқылы болашақты жасайсыз. Жаратылыс деңгейінде – сіз қазірдің өзінде табысты жəне бақыттысыз.
Көптеген адамдар өмір бойы бір нəрсе жасауға, табуға тырысады. Іс жүзінде ең бірінші жасаудың, табудың қажеті жоқ. Тек болу керек яғни ақиқат пен шындық болу керек. Дəл осы ішкі жағдайды қазірден бастап жасау түпкі нəтижеге жеткізеді. Сіздің өмірдің сапасы амал-әрекетпен емес, ішкі сезіммен (эмоция) анықталатынын түсінуіңіз керек. Сіздің болмысыңыз яғни, «шынайы Мен», жаратылыс деңгейінде сізбен болып жатқан барлық нəрсені басқарады. Сіз барлық проблемаларды шешуге жəне өмірлік жағдайды жақсартуға назар аударған кезде, таңқаларлық нəрсе болады: сіз қазіргі барыңызды ұмыта бастайсыз. Демек бақытты болудың жалғыз жолы – қазіргі уақытта барыңызға қуану. Тағы да қайталаймын: бұл мақсат қоюдың жəне жоспар құрудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Сізге қазіргі сəттен лəззат алу керексіз, өйткені сізде барыңыздан басқа ештеңе жоқ. Болашақ үшін жасаңыз, бірақ қазіргі уақытта өмір сүріңіз. Біздің əрқайсымызда тек екі балама бар: не бар екеніне қуану, не жоқ екеніне мұңаю немесе болашаққа деген үмітпен өмір сүру. Үшіншісі өз-өзіңізді алдау емес, күту деп аталады. Сіз қалаған нəрсені алу сіздің өміріңізді, ішкі күйіңіздің деңгейін өзгертпейтінін есте ұстауыңыз керек, сондықтан сізде жоқ нəрселермен кім екеніңізді анықтауға жол бермеңіз, əйтпесе сіз өз өміріңізге ешқашан риза болмайсыз. Барға қанағат ете алмайсыз, өміріңіздің соңына дейін бір орында қаласыз. Өлі нүктеден алға жылжу үшін өмір сүріп жатқаныңызға, осы өмірде бар екніңізге қуаныңыз. Өмір – бұл белгілі бір баратын жер емес, жол-сапар. Сондықтан өзіңізді ешқандай жағдайға қарамастан жақсы көріңіз жəне сізде бар өмірден лəззат алыңыз. Бақыт – қол жеткізілген нəрседе емес, жетістік пен жеңіс процесінде. Өз сценарийіңізді жазу – өз мақсатыңыздың өмірде қандай болатынын, өзіңіз шешуді білдіреді.
НИЕТ ҚОЗҒАЛЫСҚА СЕРПІН РЕТІНДЕ
Ниет <Мақсат <Ішкі Қозғалыс
Бүкіл əлем сіздің ниетіңізбен белгіленген бағытта қозғалады, сондықтан кез-келген жағдайда нақты мақсаттар қою өте маңызды. Егер сіздің ниетіңіз мəнді жəне нақты болса, бейсана оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Өмірге қанағаттанбау көп жағдайда мақсатты дəл анықтамаудың, түпкілікті нəтижені көзбен елестете алмаудың салдары болып табылады. Талапшыл, өте іскер табысы көп адамдар, неге жету керек, қалай жасау керек екенін өте анық біледі, жəне олардың өмірлері өздері қалағандай болады.
Көп адам жаман әдеттен арылу үшін, өзгеру үшін белгілі бір себеп іздеп жүреді, солардың бірі – жаңа жыл. Неліктен біз жаңа жылдың бірінші күнінде өзімізге берген уəделердің көпшілігі орындалмай қалады? Біз бекітілген, тұрақталып қалған қалау-ниеттерді басшылыққа аламыз: «Мен бұдан былай тəтті тамақ ішпеймін», «Мен енді балаларға айқайламаймын», «Мен бұдан былай темекі шекпеймін». Бірақ назар аударыңыз, бұл ниеттердің барлығы біз қалаған нəрсеге емес, біз қаламайтын нəрсеге бағытталған. Бұл түпкілікті нəтиженің психикалық көрінісі емес, керісінше, қазіргі жағдайға теріс реакция. «Ондай болмауы керек» деген сөз конструктивті емес деструктивті ішкі бұйрық, бейсана оны орындамайды. Бұл əлемдегі, бизнестегі жəне жеке өмірдегі көптеген проблемалардың шешілмеуінің басты себептерінің бірі. Біз тек проблемаларға ғана назар аударамыз, ал қалаған түпкі нəтиже тек «Мен енді бұлай істемеймін», «Бізге реформалар жасау керек» деңгейінде қалады. Ниет проблемаға емес оның шешу жолына бағытталса, керек пен қажеттің жолында мақсат қойылып, барлық күш-қуат пен уақыт қозғалысқа айналады. Шынайы жұмыс жасалуы ғана нəтиже береді, одан басқаның бәрі алдау.
МАҚСАТ ҚОЮҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Қалаған нəрсеге ие болуға немесе қалаған нəрсені жасауға бағытталған күш-жігердің, уақыттың сəттілігі мақсаттарды дұрыс қоюға байланысты. Бизнесмен қайда бару керектігі туралы білместен іскерлік сапарға аттана ма? Сіз корттың қайда екенін білмей теннис ойнауға барасыз ба? Сіз не сатып алғыңыз келетінін білмесеңіз дүкенге барасыз ба? Сіз баратын жағыңыздың қайда екенін білмей саяхатқа шығасыз ба? Бұл əрекеттердің əрқайсысы, тіпті дүкенге бару, біздің ойымызша, белгілі бір мақсат қоюға лайық, ал ең маңызды саяхат – біздің өміріміз, көптеген адамдар үшін мақсатқа лайықсыз болып қала ма? Мақсатсыз өмір ұстанушылар: «Мен өзімді бір нəрсемен байланыстырғанымды қаламаймын» дейді, олар қарсылық білдіріп – «Маған өмірде тиыштық керек» дейді. Ал өзінің өмірі өзіне ұнаса: Менің шешімімді өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ» дейді. Өйткені, кейде біз бостандықты міндет пен жауапкершіліктен қашумен шатастырамыз. Егер біз өмірімізді қандай да бір өзімізге берілетін уəделермен немесе қадау-ниеттермен байланыстырсақ, олар бізді басқара бастайды деп қорқамыз. Сондықтан біз кездейсоқтықтың еркіне бағынамыз жəне оны тағдыр деп атаймыз. Өз өмірімізге жауапсыз бола тұра, «Мен еркін болғым келеді» дейміз. Бірақ есіңізде болсын, қандай да бір міндет пен жауапкершілікті қабылдаудан аулақ бола отырып, біз толық еркіндікке қол жеткізе алмаймыз. Біз өзімізге, өзгеге берген уəделеріміздің құлы болмай, оны орындауға асығуымыз керек. Белгілі бір шешім қабылдап, күтуді тоқтатуымыз керек. Мұндай жағдайда жеңімпаз болу үшін шешім жоспарға, жоспар әрекетке айналуы керек.
Шынайы еркіндік шешім қабылдау жəне міндет пен жауапкершілікті қабылдау қабілетінде жатыр. Тек өзіңізден: «Мен нені қалаймын?» деп жиі сұраңыз. Мақсатты жүзеге асыруды бастау үшін, сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты, анық білу керек екенін түсініңіз. Бəрібір бір сəтте шешім қабылдауға тура келеді. Есіңізде болсын: егер сіз өзіңіз таңдау жасамасаңыз, оны сіз үшін біреу жасайды. Бұл таңдау сіз қалағандай болмауы мүмкін. Қайырсыз, берекесіз, өкінішті болуы мүмкін.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАҢЫЗ
Сіз шешім қабылдамау да шешім екенін естіген шығарсыз. Бұл қызық естілгенімен көбіміз солай өмір сүреміз. Шешім қабылдай білмейтін адам, ортаның әсерімен тіршілік етеді және барынша жеңіл өмір сүруге тырысады. Олар таңдау жасайды, тілек-қалаулары болады, бірақ көп қателесіп, дұрыс емес қадамды жиі жасамайды, сондықтан өзінен көңілі қалады. Оған өздігінен шешім қабылдауды ешкім үйретпегендіктен, оның қабылдаған шешімдері шешім емес, қателік. Бала кезіміздег бастап біз қателікті көп жасаймыз. Ол біздің жанымыздың (миымыздың) өсіп дамуына үлкен әсер етеді, себебі әрбір жасаған қателіктің артынан өтінеміз, сабақ аламыз, оның жойқын эмоциясы қатты болса, біз ол қателікті өмірімізде ешқашан жасамайтын боламыз.
Дұрыс шешім қабылдай білу – бұл әрекетсіз әрекет, бізге адам болып қалуға мүмкіндік береді. Біз өз өміріміз үшін өзіміз жауап беруді шешкен сəтте біз шынымен өсіп, тəуелсіз боламыз. Шешім қабылдай білмеу, біздің әлі бала екенімізді, басқаның қолдауымен өмір сүру əлдеқайда қауіпсіз екенін білдіреді. Қабылданған шешімдер əрқашан өзімізге, басқаларға біздің кім екенімізді айтады. Осылайша, шешім қабылдауға таңдау жасау, біздің болмысымызды ашады. Егер сіздің басты мақсатыңыз керісінше болса, онда сіз мəңгі шешілмейтін жұмбақ боласыз.
Шешім қабылдай алмаудың тағы бір себебі – бір нəрседен бас тартқысы келмеуі. Мысалы, егер сіз Гавайиде демалғыңыз келсе, бұл сіз бір уақытта Багам аралдарына бара алмайтыныңызды білдіреді. Бір мақсатты таңдай отырып, біз басқасынан бас тартамыз. Бір жолмен жүре отырып, біз екіншісінен бас тартамыз. Бұл дегеніміз, сіз бірден бәрі бола алмайсыз, бəрін бірден жасай алмайсыз. Бәріне бірдей ұнай алмайсыз. Дұрыс шешімге, әрекетсіз әрекетке қарай таңдау жасай отырып, сіз тәуекелдерге барасыз, басқа адамдар сіздің шешіміңізді естиді де бірден қарсы болуы мүмкін, мысалы: «Бұл кітапты неге оқып отырсың, одан да барып жұмыс істемейсің ба, бұл кітап бәрібір саған көмектеспейді, пайда бермейді» деген сияқты. Сіз олар сияқты болмағаныңыз үшін олар сізді көргісі келмеуі мүмкін.
Əрекетсіз әрекеттің арқасында сіз əртүрлі адамдардың сүйіспеншілігі мен мақұлдауын сақтауға мүмкіндік аласыз, алайда олардың ойлары мен құндылықтарына қайшы келуіңіз мүмкін. Сіздің шешім қабылдай алуыңыз, негізінен, шешілмейтін проблеманың өзін шешуге көмектеседі.
БІЗДІҢ БҮКІЛ ӨМІРІМІЗ – ТАҢДАУ СЕРИЯСЫ
Барлық өмір – таңдау тізбегі. Тек екі нəрсе біздің еркімізге байланысты емес, біз қанша тырыссақ та, оларды болдырмауға болмайды. Біріншіден, біз бұл өмірмен уақыты келгенде қоштасуымыз керек. Екіншіден, біз қоштасқанша дейін өмір сүруіміз керек. Сіз қажет, керек деп санаған кез-келген нəрсе, бұл сіздің таңдауыңыз. Біз амал-əрекеттерді таңдаймыз, өйткені біз оларды өзіміз шешеміз. Біз қошатсу мен қоштасқанша дейін өмір сүру керек екенін өзгерте алмаймыз. Бірақ біз қалғанының бəрін өзгерте аламыз, өйткені қалғанының бəрі таңдау еркі. Өз өміріңіз туралы ойланыңыз жəне түсініңіз: Сіздің бүкіл өміріңіз – жалғасып келе жатқан таңдаулар.
Қараңызшы, өз өміріңізге, дүниеге, айналаңызға. Қандай болмасын шешімді, сіз өзіңіз таңдаңыз. Ақылмен немесе бейсаналы түрде, бірақ сіз өз таңдауыңызды жасадыңыз. Егер сіз əрі қарай жүргіңіз келсе, алдымен дəл қазір қайда екеніңізді түсінуіңіз керек. Көптеген адамдар өздерінің өмірлері туралы шындықты мойындаудан, ақиқатқа сенуден бас тартып, өздерін алдайды. Бірақ мұның алға баспайтынын біле тұра таңдауды өзінің шын пайдасы үшін жасамайды, жалған пайдаға алданады. Сіздің өміріңіз сіз қалағандай болып жатыр ма? Жетістікке жеттіңіз бе? Сізге нақты не ұнайды? Сізде қалаған нəрсенің бәрі бар ма? Егер сіз осы сұрақтардың біріне теріс жауап берсеңіз, онда бәрі өзіңізден.
Сіз бір нəрседен бас тартқаныңыздан қандай пайда көресіз? Сізге өзіңіздің бақытсыздығыңыз қандай құпия рахат əкеледі? Ішкі жайсыздық пен жалғыздық сізге не беріп жатыр? Кедейлік пен жеңілісті ойлау сізге не үшін пайдалы? Біздің барлық оң немесе теріс əрекеттеріміз сөзсіз қандай да бір таңдауға байланысты екенін еске салу пайдалы. Сондықтан сіз қандай таңдау жасайтындығыңыз туралы ойланыңыз.
Бір нəрсені өзгерту үшін алдымен оны талдау, зерттеу керек. Бұл бостандыққа алғашқы қадам. Талдай, зерттей отырып, адам өз мінез-құлқын терең түсінеді және оның кемшіліктерін түзете алады. Алға жылжудың алдында сіз өзіңіздің қазіргі жағдайыңыз туралы шындықты өзіңізге, өзгеге айтуыңыз керек. Егер сізге бір нəрсе «мүмкін емес» болып көрінсе, сізге ешкім көмектеспесе, таңдауыңыздың қате болғанын мойындау керек.
Бұл анонимді маскүнемдер, нашақорлар қоғамы жұмысының негізгі қағидасы. Алкогольге, есірткіге тəуелділіктен арылу үшін алдымен оның бар екенін мойындау керек. Олар бүкіл жұрттың алдында қорықпай, ұялмай өзінің әлсіз екенін мойындай отырып, қорқыныш пен пайдасыз ұят сезімін жеңеді. Және басқалармен рухани бірігу арқылы анық, сенімді сөйлеуді үйренеді. Бір-бірінің жанын түсінеді. Олардың қазіргі жағдайы олардың өткен шақтаға таңдаулары мен шешімдеры екенін жариялайды.
Сондықтан қазіргі жағдайыңыз туралы ойланыңыз, содан кейін не істегіңіз келетінін шешіңіз. Сіздің ойыңыз жаңа мүмкіндіктерге ашық болсын.
СІЗ ШЫНЫМЕН НЕНІ ҚАЛАЙСЫЗ?
Есіңізде болсын, жоғары «Мен» деңгейінде (өзіңіз туралы жоғары көзқарас деңгейінде), сіз ақиқатқа сай әдеттеріңіз бен қабілетіңіз бар «Шексіз Күш-Қуат» пен терең ақыл иесісіз. Сізді шынымен шабыттандыратын нəрсе туралы ойланыңыз. Сіз соңғы рет қашан шын қуандыңыз? Сізді не қызықтырады жəне шынайы қызығушылық тудырады? Бұл сұрақтарға жауап беру дұға-тілектер мен қажеттіліктерді түсінудің кілті болып табылады. Егер сіз ешқашан қуанышты толқуды (эмоция) сезінбейтін болсаңыз, онда сіз өзіңізді толыққанды өмірден айырасыз. Таңдау еркіндігі болған кезде уақытты қалай өткізесіз? Қандай іс-əрекет сіз үшін шынайы қызығушылық тудырады? Неліктен мұны істеп жатқаныңызды нақты, анық түсінсеңіз, ол сізге қажет қалаудың кілтін бере алады. Егер бос уақытыңызда сіз тек ұйықтап, тамақ ішіп, бос қиялдап немесе тек теледидар, интернет, әлеуметтік желілерді көретін болсаңыз, онда бұл сіз өзіңіз қалаған нəрсені алу мүмкіндігінен өз еркіңізбен айырылатындығыңыздың нақты белгісі.
Егер сізде қаржылық проблема туралы ойланудың қажеті болмаса, егер сізде ақшаны шексіз жұмсай алатын кез-келген мүмкіндік болса, сіз бірінші кезекте немен айналысар едіңіз? Ал екінші? Абсолютті таңдау еркіндігімен өз өміріңізді қалай басқарар едіңіз? Бұл сұрақтың жауабы сіздің қиялыңызды кеңейтіп, армандар мен мақсаттарды оятуға көмектеседі. Мүмкін, олардың кейбіреулерін сіз жүзеге асырып үлгерген шығарсыз. Арман мен мақсатты мұқият талдап, таңдау жасаңыз, шешім қабылдаңыз. Қиялға деген қызығушылықты жоғалтпай, сіз əрқашан басқасын таңдай аласыз. Ол сіздің ойыңызды өзіңіз қалағандай басқара алады. Сондықтан таңдау жасаңыз. Ақыл құрастыруды, пайдалы ақпарат жинап теруді бастаңыз, керек ақпарат керек кезде табылады. Алдымен сіз қиялдағы қажетті қалауды толығымен сезінуіңіз керек.
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ
Таңдау жасау <Шешім қабылдау <Мақсат қою = іс-əрекеттердің жоспарын жасау.
Мақсат қою – бұл таңдауды жүзеге асырудан басқа ештеңе емес. Сізге тек түпкі нəтижені сезіну керек. Егер сіз қазіргі уақытта өз əлеуетіңізді жүзеге асырмасаңыз, онда сіз өзіңізге нақты мақсаттар қоймағандықтан ғана. Өз сценарийіңізді жазу дегеніміз – сіздің өмірлік жетістіктерге жеткізетін іс-əрекеттеріңіздің жоспарын жасау. Сонымен қатар, сізге отыруға жəне жоспарыңызды қағазға жазуға тура келеді. Болашақ дүниелік жаннатты бейсанаға жазу үшін оны алдымен қағазға жазу керек. Жазбаша жоспар сізге моральдық күш береді, кедергілерді жеңуге, алаңдаушылық сəттерімен жəне барлық қиындықтармен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, оның көмегімен жетістіктерді бағалау оңайырақ болады. Ол арқылы сіз қаншалықты алға жылжығаныңызды жəне əлі алда қандай жолдан өтуіңіз керек екенін қадағалайсыз.
Психология саласындағы көптеген зерттеулер көрсеткендей, жетістіктерді өлшеу үшін белгілі бір критерийдің болуы керек сияқты іс-əрекетке деген ынтаны арттыратын не? Жоспар жазуды қалау және сүю. Жоспар жазу процесі ойларды нақтылайды, ал ойлар іс-əрекетке итермелейді. Жазбаша жоспар қалаған нəрсені жүзеге асыру ниетін бейсанаға бекітеді. Ол сіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді еске салып отырады жəне əрбір еске ала берген сайын, жоспардың жүзеге асу мүмкіндігі арттырады. Жоспарды жазуға жұмсалған күш-жігер мен уақыт жүз есе өтеледі. Сіз жоспар арқылы уақыт пен энергияны үнемдейсіз, өйткені оның арқасында сіз əрқашан неден бастағаныңызды, қай уақытқа дейін іс-əрекетті аяқтау керек екенін, қаншалықты алға ұмтылғаныңызды білесіз. Жолда қандай да бір кедергілер туындаған кезде, жазбаша жоспар сізге өз позицияңызды қайта қарап, таңдалған бағытқа оралуға немесе өзгертуге көмектеседі.
ПАЙДАСЫН АНЫҚТАҢЫЗ
Фрейд нақты мақсаттар көңілсіздік пен мазасыздықты тудырады жəне олар қажет емес деп санайды. Виктор Франкл өз кезегінде адам мақсатсыз өмір сүре алмайтындығын айтты, өйткені ол табиғаты бойынша мақсатты тіршілік иесі. Менің ойымша, екеуінің де ойы дұрыс. Адамның ең үлкен қателігі – тым жоғары мақсат қою немесе тым көп нəрсені қалау. Мен қалаған нəрсеге қол жеткізу мүмкін емес деп айтқым келмейді. Егер сіз теннис бойынша əлем кубогын жеңіп алғыңыз келсе, алдымен ракетканы ұстап, допты ұруды үйреніп алсаңыз жақсы болар еді. Басқаша айтқанда, мақсаттар тек үміт емес, қажырлы еңбек, мол уақыт жұмсау. Бұл эфемерлік (тұрақсыз) тілектер (дұғалар) емес, түпкілікті нəтижеге нақты көзқарас. Арман сізді табады деп күтпеңіз, оны өзіңіз іздеңіз. Мақсаттар жоқтан пайда болмайды, олар жүректен шығады. Егер сізде алдағы жетістіктің пайдасы туралы нақты түсінік пен сенім болмаса, мақсатыңызға жүз пайыз адалдықты сақтау қиын. Қалаған нəрсені алу процесінің ең маңызды құрамдас бөлігі – пайдасын анықтау. Қандай проблема болмасын, оны шешу үшін: жұмыстағы, қарым-қатынастағы немесе өмірдің кез-келген саласындағы, егер сіз қандай пайда көретініңізге сенімді болмасаңыз, сізге қажетті ынта, табандылық пен ерік-жігерді сақтау қиынға соғады. Пайда туралы нақты түсінікке ие болмай, өзіңізді толығымен мақсатқа арнау өте қиын. Мақсат қою қажырлы еңбектің нəтижесінде қандай нақты пайда алуға болатындығын анықтауға көмектеседі. Сіз пайда алуға деген сенімсіздікпен – өз ниетіңізді жүзеге асыру үшін бар күш-жігеріңізді, уақытыңызды жұмсай алмайсыз.
Қандай да бір проблемаларды шеше отырып жəне барған сайын күрделі жобаларды қолға ала отырып, сіздің мақсаттарыңыздың дамитынын түсінуіңіз керек. Бізді өлі нүктеден, орнымыздан қозғалуға екі-ақ қана себеп болуы мүмкін: бір нəрсе алу (пайда табу) немесе бір нəрсені жоғалтпау. Мүмкін болатын пайданы нақты елестете отырып, сіз қажетті шығынды төлеуге дайын боласыз. Сәтті адамдар мен жеңілгендер арасындағы басты айырмашылық – пайдалы мақсат қоюда. Пайданы түсіну, жоспарланған нəтижеге қол жеткізуге деген ұмтылысты күшейтеді, сондықтан уақытты жоғалтпаңыз жəне болашақта осы немесе басқа бастамаға өзіңізге не уəде ететініңізді алдын ала ойланыңыз. Мақсатты жүзеге асыру кезінде алынған пайда оның пайдасын одан сайын көбейтеді, себебі адам мақсатын жүзеге асыруға одан сайын шабыттана кірісе бастайды. Егер сіздің мақсатыңызда ықтимал пайда болмаса, онда бұл мақсат емес. Қойылған мақсаттарды жүзеге асырумен байланысты нақты пайда көрсетілмеген жазбаша жоспарда ең маңыздысы – іс-əрекетке ынталандыру жетіспейді. Ешқандай пайдасы жоқ əрекеттің керегі жоқ. Егер сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты тұжырымдасаңыз, нақты нәтежиесін – көрмей тұрып сенсеңіз, өмірдегі кез-келген проблеманы шешуге болады.
КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Өзіңізге нақты мақсат қойғаннан кейін, оны жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы ой дереу пайда болады. «Мен мұны қалай жасау керектігін білмеймін. Мен не болатынын білмеймін. Мен өзімді дəрменсіз сезінемін. Маған кім көмектеседі? Мен оған ақша қайдан табамын? Егер ештеңе шықпаса ше? Кенеттен мен сəтсіздікке ұшырап қалсам ше?» – бейсана сізді ықтимал шығындардан қорғауға тырысады. Әрекетсіз әрекет жасау туралы шешім қабылдағаннан кейін сіз бірден «дұрыс емес, мүмкін емес» туралы ойлана бастайсыз. Сіз барлық қорқыныш пен күмəнді жоюыңыз керек. Егер сіз ақылыңызды жинақтап, өз мақсатыңызға күмәнданбай, қорықпай, барлық жағымсыз көңіл-күйді жеңсеңіз, кедергілер өзінен-өзі жоғала бастайды. Есіңізде болсын, кез-келген тапсырманы сəтті орындау – ішкі жағдайдың өзгеруінен басталады. Осыдан кейін ғана нақты əрекеттерді бастауға болады. Басқаша айтқанда, бірінші қадамды жасамас бұрын, сіз өзіңіз қалаған нəрсені алғаныңызға сенуіңіз керек. Себебі адам сенгенін көреді. Бейсана біздің дүниетанымымыздан тыс, тым көп мақсаттарды қабылдаудан бас тартады, сондықтан қол жетпейтін болып көрінеді. Мақсатты нақты, анық ету үшін, болуы мүмкін кедергілер мен қиындықтарды мұқият анықтау керек. Өзіңізден: «Қандай жағдайлар маған осы мақсатты жүзеге асыру жолында кедергі келтіруі мүмкін?» Бұл сізге қалаған нəрсені алу жолында нені жеңу, жою керектігін түсінуге көмектеседі. Бұл кедергілердің кейбіреулері оңай болады, кейбіреулері қиынырақ болады.
Көптеген адамдар жағымсыз сезімдерге назар аударудың қажеті жоқ деп сеніп, қиындықтар туралы ойламауды жөн көреді, бірақ сіз өзіңіздің жолыңызда кім немесе не болатынын білмей, түпкі мақсатқа жете алмайтындығыңызды түсінуіңіз керек. Сондықтан отырыңыз жəне «қашпаңыз және шайқасыңыз», ештеңені жіберіп алмауға тырысып, ықтимал кедергілердің толық тізімін жасаңыз. Сіздің қатысуыңызсыз, Құдай құдіретімен, кейбір кедергілер өздігінен жойылуы мүмкін. Алайда болуы мүмкін қиындықтар туралы ойламау қателік болады. Сіз бəрін алдын-ала болжай алмайсыз, кедергілер мен қиындықтарға қаншалықты жақсы дайындалсаңыз, белгісізді жеңу оңайырақ болады. Мүмкін қиындықтар туралы ойлар сізді аздап ренжітуі мүмкін жəне сіздің ынта-жігеріңіз біршама төмендеуі мүмкін. Сіз оларды жеңу үшін қанша күш салу, уақыт жұмсау керектігі туралы ойлана бастайсыз. Бұл жағдайда бір минутқа тоқтап, мақсатыңыздың пайдасы туралы ойланыңыз. Оларды алу жолындағы ықтимал кедергілерден асып кетпейінше, оларды қайта-қайта қайталай беріңіз.
Сіздің дұға-тілектеріңіз бен ұмтылыстарыңыз оларды жүзеге асырудағы мүмкін қиындықтардан əлдеқайда маңызды деп ойлаңыз. Есіңізде болсын, кез-келген уақытта сіз жоспардың орындалуын тоқтата аласыз немесе жалғастыра аласыз. Демек, қайтадан ойланып жаңадан бастауға болады. Бірақ қазіргі уақытта сіз үшін ең бастысы – бастау! Түпкілікті мақсатқа қатты қадалмай, жай ғана келесі қадамға ой жинақтаңыз. Бір міндетті бірінен соң бірін орындай беріңіз. Егер сізді теріс ой жеңе бастаса, қанша еңбек күтіп тұрғанынан шошымай, керісінше қуаныңыз. Ауыр жүкті көтере біліңіз жəне берілмеңіз. Мақсатыңызды үнемі есте сақтаңыз, бірақ қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмаға назар аударуға тырысыңыз. Қадам – бұл мақсатқа жетудің ең маңызды қағидасы. Олардың ең үлкендері де кезең-кезеңмен жетуді қажет етеді. Сіз кедергілерді жеңудің жолын жəне төлеуге тура келетін шығынды нақты елестете аласыз. Кез – келген проблеманың шешімі бар жəне ол міндетті түрде табылады, өйткені барлық жауаптар біздің миымызда. Сыртқы факторлардан шешім іздеудің қажеті жоқ. Мұны түсінгеннен кейін, белгісіз Шексіз Күш-Қуат (Құдай) сізді дұрыс адамға, дұрыс жерге, дұрыс кітапқа немесе кедергілерді жеңуге көмектесетін жағдайға апарады. Өзіңізге қайталаңыз: «Мен əрқашан білуім керек нəрсені білемін». Сіз не жəне қалай істеу керектігін білесіз, өйткені сіздің жоғарғы «Мен», сіздің ішкі бағыттаушыңыз Жоғарғы Сана (Құдай) сəттілікке жету жолындағы əр қадамды көрсетеді. Сізден тек ашық, сезімтал, адал болып, өз сұрақтарыңызға жауап беру қажет. Осының арқасында сіз проблемаларды кедергі ретінде қарастыруды доғарасыз, өйткені сіз кез-келген қиындықтан жоғары жəне күшті екеніңізді білесіз. Мазмұндалған қағазға барлық сəттерді – дұға-тілектер, қабілеттер (сала, мамандық бойынша), мүмкіндіктер, пайда, қиындықтар жəне шешімдерді жазыңыз. Қуатты күштің келу құлшынысын сезініңіз. Сонымен қатар, сіз өзіңіздің шексіз қабілеттеріңізге, мүмкіндіктеріңізге байланысты барлық шектеулі түсініктерді өзіңіз ойлап тапқаныңызды түсінесіз.
НЕЛІКТЕН БҰЛ КӨМЕКТЕСЕДІ
Көптеген адамдар барлық артықшылықтарды, қиындықтарды, шешімдерді жəне олардың бағасын, ерікті түрде бағалай алмауына байланысты мақсат қою процесін жеңілдете алмайды. Неге? Егер алдыңғы тақырыпта жазылған қадамдардың əрқайсысын мұқият жасасаңыз, онда дұрыс курстан бас тартпаңыз. Соңғы мақсатқа жету үшін қажет көптеген пайдалы ақпараттар сізді шатастырмайды. Сіз жеке тапсырмаларға назар аудара аласыз, олардың кезең-кезеңімен орындалуы түпкілікті нəтижеге əкеледі. Мақсаттарды сəтті жүзеге асырудың басты факторы – оң кері байланыс. Онсыз сіз өзіңізге қажетті ынта мен тиісті мотивацияны сақтай алмайсыз. Барлық жетістіктеріңізді, соның ішінде кедергілерді қағазға түсіруді ұмытпаңыз. Осы мақсатта арнайы дəптер немесе ноутбук алыңыз жəне жазбаларды мүмкіндігінше жиі оқып шығыңыз. Тізімді үнемі толықтыруды ұмытпаңыз. Əр күні оған қарап, сіз өзіңіз қалаған нəрсеге қол жеткізу қабілетіңізге деген сенімділікті нығайтасыз. Бір қарағанда, мұның бəрі артық жұмысты қосатын сияқты көрінуі мүмкін. Алайда мен сізге шынымен қалағандай өмір сүру, қалаған нəрсені алу жоспар жасаудан əлдеқайда қиын екенін айтуым керек. Бұл процестің қарапайымдылығы сізді алаңдатпасын жəне оның маңыздылығын бағалаңыз, əйтпесе сіз өзіңіздің əлеуетіңізді жүзеге асыру мүмкіндігінен айырыласыз. Өз сценарийіңізді жазу жəне оны іс жүзінде ойнау – бұл өте пайдалы əдет, оның жемісін өмір бойы жинайсыз.