СЕНДІҢІЗ БА КӨРЕСІЗ
Көрмей жатып сену – өмірдің басты сынағы. Осы тарауда мен сіздермен мақсат қою мен жоспар құру ғылымының бірнеше құпиясымен бөліскім келеді. Кітапта кездестіретін ұғымдар мен ой-пікірлер сіздің өіңізге, өміріңізге деген көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді. Біздің дүниетанымымызда бəрімізге белгілі бір сенім мықтап бекітілген: «көремін, сосын сенемін». Басқаша айтқанда, «Мен өз көзіммен көрмейінше, сенбеймін», – дейміз. Адекватты сенім болып естілгенімен, бұл қате, жалған сөздер. Ақиқатқа сену үшін бірінші көру емес, сену маңызды. Бұл сынақтан сүрінбей өтсеңіз, сіз бұл өмірмен еш өкінбей қоштасасыз. Ал егер сіз көруді күтсеңіз, сіз дұрыс мақсат қойып, жоспар құра алмайсыз. Сондықтан адам көрмей тұрып сенуді үйренуі керек.
ЖАЛҒАН СЕНІМДІ ҚАБЫЛДАУ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ
Тəуекелге барып кез-келген, жалған ақпаратқа сену адамның өсіп-дамуын, өзгеруін қиындатады. Бұл бірінші шындық, ал екінші шындық – адамдар өмірінің көп бөлігін өздерін жасаудың, рухани өсіп-дамудың орнына, уақытын күтуге жұмсайды.
Біздің шығармашылық əлеуетіміз бен энергиямыз (күш-қуат) қиялдың байлығына тікелей байланысты. Алайда қиялдың мүмкіндіктері біздің шындықты қабылдауымызбен шектеледі. Əркім оны белгілі бір шектеулерге дейін қабылдай алады, бірақ оларды кеңейтуге болады. Егер біз оларды өзіміз ойлап таппасақ, ешқандай шектеулер жоқ. Жағдайды түзету үшін алдымен шындық пен ақиқатты қабылдау керек, шектеулі немесе бұрмаланған сенім бар екенін түсіну керек.
Əр адам қоршаған əлемді (орта) өз көзқарасымен көреді жəне бұл бізді ерекше, бір-бірімізге ұқсамайтындай етеді. Бірақ бəрібір бəріміз дүние деп аталатын өмірдеміз, бірақ əркім əртүрлі (ішкі/сыртқы) жағдайда. Бірақ бəрі сол бір өмір. Аспанда ұш, жерде жүр, айырмашылық тек көзқарас, сенім мен түсінікте.
Әркім бір ақиқаттты әртүрлі түсінеді. Егер біздің қабылдауымыз шектеулі болса, біздің мінез-құлқымыз, ойларымыз жəне сезімдеріміз шектеулі болады. «Өзіміз жайлы шындықты» қабылдау бала кезінен жинақталған əсерлерден жəне ой-пікірлерден тұрады. Басқаша айтқанда, бұл біздің өмірлік тəжірибеміз. Біздің өмірімізге əсер ететін барлық нəрсені түсіну, сенімнің сапасын анықтайды. Бізбен болып жатқанның бəрі қабылдау сүзгісінен өтеді. Біздің əрекеттеріміз өзіміз ж/е өзге жайлы шындықты білудің деңгейімен өлшенед. Егер өзіміз, өмір туралы біздің ойларымыз қате, Жаратушы заңдылықтарына сай болмаса, онда əрекеттер қате болады. Демек, біздің проблемаларымыздың себебі біздің білгенімізде емес, білгеніміз туралы жалған сенімдерде жатыр.
Өзімізді толық түсіну үшін:
1) біз үнемі өзгеріп, жаңарып,
2) қабылдау шекарасын кеңейтіп,
3) айналамыздағы өзіміз, өзге, өмір, Жаратушы туралы ойларымызды байытуымыз керек.
Көптеген адамдардың дүниетаным жүйесіндегі ең көп таралған қате түсініктердің бірі – «көреміз сосын сенеміз». Шын мəнінде, біз бір нəрсені көрмесек, бұл оның жоқ екенін білдірмейді. Біз мүмкіндіктер мен шешімдерді олар жоқ болғандықтан емес, іздеу нысанын дəл анықтай алмағанымыз үшін көрмейміз.
Айқын мақсат қою қиын емес. Нақты мақсат болған кезде ақыл мен бейсана, табиғи сүзгі механизмін дəлелді түрде қалыптастырады, оның көмегімен оған қол жеткізуге жағдай жасалады. Күтуді мақсатқа, мақсатты жоспарға, жоспарды әрекетке айналдыру тізбегі дұрыс сенім мен түсініктен басталады.
СІЗ НЕГЕ ҰМТЫЛАСЫЗ?
Біріншіден, сіз өзіңізден: «Мен үшін не құнды?», «Мен үшін не маңызды?», «Мен өмірде не іздеймін?», «Нені айтқым келеді?», «Қандай нəтиже күтемін?» деп сұраңыз. Бұндай сұрақтармен, оларға табылған жауаптар, жетістікке жету үшін өте маңызды. Ақыл мен бейсана одағы сізге мақсатыңызды жүзеге асыруға көмектесе алмайды, егер сіз мақсатыңызды нақты елестетпесеңіз, көрмесеңіз. Сіз өзіңізге: «Мен не қалаймын?» деп айтыңыз. Қалаған нəрсені қалай алуға болатынын білмес бұрын, сіз өзіңіздің нақты не қалайтыныңызды дəл анықтауыңыз керек. Себебі көп адамдар өзіне не маңызды, пайдалы, керек екенін білмейді. Осыларды шешкеннен кейін, сана мен бейсана бірден қажетті ақпаратты игере бастайды. Өзіңіз қалаған нəрсені (үй, жұмыс, көлік, табыс деңгейі, достар, қарым-қатынас) нақты түсіну арқылы сіз қолайлы мүмкіндіктерді байқауды едəуір арттырасыз. Сана мен бейсананың сүзу механизмі сіздің мақсаттарыңыз тұрғысынан құнды емес немесе пайдасы жоқ, керексіз, маңызы жоқ кез-келген ақпаратты жояды. Мұны түсіну өте маңызды. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қажет емес ақпаратты игермейсіз, оған уақыт құртпайсыз. Бұл тежегіш ақпараттар сіздің бейсанаңыздан автоматты түрде шығарылады. Электрондық пошта жəшігін спамнан қорғайтын бағдарлама сияқты, сана мен бейсана тандемі сізді мыңдаған сыртқы ақпараттардан, тек сіз үшін маңызды ақпаратты ғана өткізіп отырады. Егер ол сізге күнделікті түсетін барлық ақпаратты жіберіп алса, онда сіздің жүйке жүйеңіз үлкен жүктемелерге тап болады жəне сыртқы сигналдардың ағынын және зияндығын жеңе алмайды. Сондықтан сіз миыңызға ақпараттың тек екі түрін қабылдаңыз: мақсатқа жету үшін пайдалы ақпараттарды жəне сіздің физикалық немесе психикалық денсаулығыңызға қауіп төндірмейтін ақпаратты. Ақпараттық майдан заманында, қоршаған əлем ақпаратқа толы. Оны толық игерудің қажеті жоқ, сондықтан біз қалаған нəрсені нақты шешуіміз керек. Бұл сана мен бейсана одағына неғұрлым таңдамалы əрекет етуге жəне біз үшін құнды ақпаратты ғана қабылдап алуға мүмкіндік береді.
ҚАЖЕТТІ УАҚЫТТА ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТ
Адам миының 95% қажетсіз, пайдасыз, керексіз, өмірде түк қолданыс таппайтын, қоқысқа апарып тастай беруге болатын ақпараттарға толы. Адам күнделікті 80% уақытын босқа өткізеді екен.
Сіз өзіңіздің қалауыңыз бен мақсаттарыңызды нақты ж/е анық шешкеннен кейін, барлық жағынан қажетті ақпарат бірден түсе бастайды. Есіңізде болсын: сіз бір затты көрмейтіндігіңіз оның жоқ екенін білдірмейді. Сіздің миыңыз қазіргі уақытта сіз үшін маңызды емес сигналдарды бұғаттайды. Бұл процесс толығымен табиғи жəне бізді психикалық жүктемелерден қорғайды, кейде бұл процесс шамадан тыс болуы да мүмкін. Егер ол дұрыс басқарылмаса, ол біздің мүмкіндіктерімізді шектейді. Сіздің мақсатыңызды жүзеге асыру үшін сізде əрқашан керек ақпарат бар. Алайда, адамдардың немесе компания, үкіметтің көпшілігі алдымен қажетті нəтижеге жеткізетін ақпаратты анықтап алмай, проблемаларды шешуге тырысады. Олар қолда бар жалған фактілерге немесе қазіргі уақытта қол жетімді ресурстарға сүйене отырып қорытынды жасайды. Қажетті уақытта қажетсіз ақпарат пайда бермейді.
СОҢҒЫ НƏТИЖЕГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қазіргі уақытта сізге барлық сұрақтарға жауаптар қажет емес. Егер сіз оларды білсеңіз де, қазір бұл ақпарат сізге көмектесуден гөрі зиян тигізуі мүмкін. Енді сіз өзіңізге басқа сұрақтар қоюыңыз керек: «Соңғы нəтиже қандай болуы керек?», «Мен неге ұмтыламын?», «Не қалаймын, ниетім қандай?». Алдымен мақсат қойыңыз жəне қажетті ақпарат бірден түсе бастайды. Мақсаттың болмауы жалған ақпараттың көбеюіне алып келеді. Соның салдарынан апатия, демотивация, іш пысу, не істерін білмеу сізді шатастырады жəне сізді жалған жолға қарай бағыттайды.
Есіңізде болсын, қажетті ақпаратты жинауға кіріспес бұрын, сана мен бейсана соңғы нəтижеге назар аударуы керек. Соңғы нəтиже нақты болғаннан кейін сіз оған жету үшін қажет нəрсенің бəрін білесіз. Қажетті ақпарат біздің бейсанамызға жетеді, егер оның құрамында құндылығы бар, пайдалы, керекті болса.
Ең алдымен мақсатты анықтау керек. Жетістікке жетуді білетіндер, жоспарларын жүзеге асыратындар, басты құпияны біледі: олар «сенеміз, сосын көреміз» дейді. Бəрі бір нəрсеге сенбестен бұрын фактілерді (реалды дәлел) алғысы келеді. Бірақ бұлай болмайды. Алдымен сіз өзіңіздің мақсатыңызға сенуіңіз керек, содан кейін сіз оны қалай жүзеге асыруды үйренесіз, өйткені сіз дұрыс ақпаратты бейсанамен реттейсіз. Қажетті сигналдар сіздің санаңызға жетпестен бұрын сіз үшін не маңызды екенін (қандай клиенттермен жұмыс істегіңіз келеді, қай үйде тұру керек, қандай білім алу керек) анықтауыңыз керек. Жоспар жазу барысында ең бастысы бар назарды соңғы нəтижеге аудару керек. Бейсана одан басқа тілді түсінбейді.
БІЗ ІЗДЕГЕНІМІЗДІ ТАБАМЫЗ
Не іздесеңіз соны табасыз, нені өміріңізге тартсаңыз соны тартасыз, кімге ұқсаймын деп шешім қабылдасаңыз соған ұқсайсыз, қандай себеп жасасаңыз, соның салдарын көресіз. Міне, осылай болады!
Сізді автомобильдің белгілі бір маркасы қызықтырды делік. Мүмкін сіз оны жаңа ғана сатып алған шығарсыз немесе оны əлі де сатып алғыңыз келетін шығар. Назар аударыңыз, сіз белгілі бір брендті таңдағаннан кейін, бұл көліктер барлық жерде сіздің көзіңізге түсе бастайды. Неліктен? Себебі бұл бренд қазір сіз үшін ерекше мəнге ие болды. Кітап оқу сізге қызықсыз болса, онда ол сіз үшін мәні жоқ деген сөз. Дəл осындай жағдай іскери серіктестермен, жұмыспен жəне қарым-қатынас шеңберімен қайталанады. Сізге не қажет екенін терең түсінсеңіз, сіз бірден қолайлы мүмкіндіктер мен пайдалы ақпаратқа назар аудара бастайсыз.
Егер сіз өзіңіз қалаған нəрсені білмесеңіз, онда оны көз алдыңызда таба алмайсыз жəне көре алмайсыз. Дəл осындай принципті бизнестегі клиенттерге қолдануға болады. Ол адамдардың қажеттіліктерін анықтаңыз – оларды қалай қанағаттандыру керектігін түсініңіз. Оларға не қажет екенін білмей, сіз оларға қалай көмектесуге болатындығы туралы ақпаратты біле алмайсыз. Жəне сол арқылы ақша табу, кәсіппен, саудамен айналысу қиынға соғады. Жақсы əңгімелесуші болу үшін оны тыңдап, әңгіменің ауысуын күту керек, серіктеске ол үшін пайдалы ақпарат бере білу керек. Əйтпесе, сіздің сөздеріңіз оның санасына жетпейді – өйткені біз тек біз үшін құнды жəне маңызды нəрсеге ғана назар аударамыз.
ШЕКТЕУСІЗ ОЙЛАУ
Нағыз тəуелсіздікке ие адамдар біздің өмірімізде көп емес. Біз мүмкіндіктерді байқамаймыз, себебі біз өзіміздің бейсанамыз арқылы ақылымызды шектейміз. Себебі бізді шектеулі ойлауға үйретіп тастаған.
Біз шектеулерден тыс ойлануды үйренуіміз керек. Біздің ішімізде қарама-қайшы ақпарат немесе сенім ақылда кездескенде, біз əдетте психологиялық ыңғайсыздықты, жайсыздықты сезінеміз. Эмоционалды дисбалансқа жол бермеу үшін ақылымызда ашық қақтығыс тудыратын ойлардан, сөздерден қашамыз.
Шиеленісті жеңілдету жəне өзгерістерден туындаған алаңдаушылықтан арылу үшін мінез-құлықты немесе жағдайға деген көзқарасты өзгерту керек. Біз саналы түрде психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысамыз, қандай да бір жолмен қабылданған тəжірибені өмір туралы ойларымызбен біріктіруге тырысамыз. Ішкі жанжалдарды шешудің ең көп таралған механизмі – рационализация. Оның мəні – сіздің логикаңыздың немесе ойлау жүйеңіздің, əрекеттеріңіздің, ой-пікірлеріңіздің немесе мінез-құлқыңыздың себептерін түсіндіруге тырысу. Жалпы адамның қалай қалыптасатынына, бұзылатынына, түзелетініне мән беру.
Ақымақ болып көрінгісі немесе күлкілі жағдайға тап болғысы келмейтіндер, өзінің дұрыс адам екенін дәлелдеу үшін, жалған маска киіуге, өз ойын шектеуге мәжбүр болады. Басқаға тәуелді адам, өз іс-əрекеттерінің дұрыстығын растау үшін басқа адамдардың сөз-пікірлеріне құл болады. Яғни сыртқы Аффирмацияларға тәуелді болады және өз ойларын шектеуге мәжбүр болады. Өзінің дұрыстығын растайтын адамдарды ортадан іздеп жүреді.
Бір адаммен қарым-қатынасты сақтағымыз келсе, біз оның қадір-қасиетін бағалаймыз, оның кемшіліктерін саналы түрде елемейміз, біз оған бар шындықты айтпай оның ойлау жүйесін шектейміз. Шешім қабылдау барысында біз əдетте сыртқы жағдайға ғана мән береміз, ішкі жағдайды елемейміз, бұл біздің ақылымызды шектейді. Шектелген ақыл жаңа ақпаратқа сезімтал болмайды.
Бір өзгермейтін факт бар: қабылданған шешімнің немесе таңдалған мінез-құлық, бәрі өзімізден. Мұны селективті қабылдау деп атайды. Өкінішке орай, шектеусіз ойлаумен əрекет ету, белгілі бір таңдау жасау құқығымыздың бар екенін «Құлдық Сана» бізге ұмыттырып жіберген. Біз ұтымды, жеңіске жеткізетін шешімдер қабылдау үшін пайдалы болуы мүмкін ақпаратты бейсанаға жібермейміз, шексіз мүмкіндіктерге көзімізді жұмамыз. Біздің барлық назарымыз «мүмкін емес» деген сөзге бағытталған кезде, дұрыс шешім бейсанаға жете алмайды.
ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ОРНЫНА ШЕШІМДЕР
Егер біз шешімдерді көрмесек, бұл оның жоқ екенін білдірмейді. Бизнесті кеңейту, жоспарды аяқтау, қалаған нəрсеге жету жəне т.б. мүмкін еместігіне өзімізді сендіре отырып, біз проблеманы шешуге емес, проблемаға назар аударамыз. Бейсана көмегімен сіз өз сұрақтарыңызға жауап таба аласыз немесе проблеманың көмегімен «мүмкін еместігінің» себептерін таба аласыз. Таңдау əрқашан сіздікі.
Мысалы, біз бірдеңе сатып алғымыз келеді. Алдымен біз қажетті өнімді ең төменгі бағамен іздейміз, содан кейін əдеттегідей, барынша шығындарды қысқартудың жолдарын қарастырамыз. Бірақ менің түсінбейтінім неге біз өзімізбен жұмыс жасап, миымызды, одан кейін қолымызды байытпаймыз. Сонда үнемдеп те әуре болмайсың, шығынды да сенімді шығарасың. Басқаша айтқанда, біз сатып алар кезде үнемдейміз деп бас қатырамыз, бірақ шектеусіз шығын шығара алатындай ақша табудың жолы бар екенін түсінбейміз. Есіңізде болсын: ақшаның жетпеуі проблема емес, ақша табудың жолын білмеу проблема.
Қандай да бір оң өзгеріс әкелетін əрекетті жасаудан қорқу пайда болған кезде, біз жүздеген логикалық сылтауларды оңай таба аламыз. Неге сіз өз арман-мақсаттардан шегінуге, бас тартуға тиіссіз? Шығармашылық «Шексіз Күш-Қуатты» неге пайдаланбайсыз? Сізге проблема керек па әлде шешім керек па?
БІЗ ӨЗІМІЗДІ «ЛАЙЫҚТЫ» ДЕП САНАЙТЫНДЫ ҒАНА ӨЗІМІЗГЕ ТАРТАМЫЗ
Шешімдер мен мүмкіндіктердің орнына проблемаларды көру (анау жоқ мынаужоқ анау істетпейді мынау істетпейді жағдай жоқ орта жаман) бізді кейде тұлғаболуға, ізгі амал істеуге немесе өзіміз қалаған нəрсеге ие болуға лайық емесекендігімізге сендіреді. Біз өзімізді лайықты деп санайтын нəрсені ғана тартамыз. Сізөзіңізді қаншалықты құрметтейтін болсаңыз, соғұрлым көп мүмкіндіктерге иеболасыз, соғұрлым тəуекелмен көп игілік ізгілікке қол жеткізе аласыз. Өзіңіз туралыпікіріңіз неғұрлым жоғары (шынайы) болса, адамдар сізбен сөйлескісі келеді. Оларсіздің клиенттеріңіз, іскери серіктестеріңіз немесе достарыңыз болғысы келеді. Өзін-өзі құрметтейтін жəне бағалайтын адам: «мен кез-келген нəрсені жеңе аламын. Мен мұны қалай жасау керектігін əлі білмеймін, бірақ əлі күнге дейін оны білудің қажетіжоқ. Енді қажеттілік туындаған кезде қажетті ақпарат өздігінен пайда болады». Бұлжағдайда əр жағдай көбірек білуге жəне жасауға мүмкіндік береді.
КӨМЕКТЕН БАС ТАРТПАҢЫЗ
Кейде қажетті ақпарат басқа адамдардан келеді, мысалы: кеңес, ұсыныс немесе тіпті сын түрінде. Алайда, өзін-өзі бағалаудың төмендігі біреудің ұсынысын, кеңесін, көмегін қабылдауға немесе сынды дұрыс қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін. Біз қорғаныс позициясын ұстанамыз: «Мен неге басқаны тыңдауым керек?», «Олар менен артық біле ма не?», «Мен неге əріптесімді тыңдауым керек? Олар менен ақылды ма не?». Мұндай ұстаным қате, өйткені тек өз ой-пікірімізді қабылдай отырып, біз қосымша көмектен бас тартамыз. Сіз бұл сөздерді қанша рет айтқансыз: «Мені өмір сүруге үйретпеңдер», «Мен не істеу керектігін өзім білемін»? «Ақылды болып көрінетіндердің, маған сабақ бергенін қаламаймын», «Сен маған қарағанда ақымақсың».
Адамның өзіне-өзі баға беруі әділ, адеватты болуы үшін адам өз ісіне сенімді болу өте маңызды және мықты ұстазы не сенер кітабы болуы керек. Жақсы адамдар мен кітаптар сіздің мұғалімдеріңіз болсын. Бұл олардың айтқандарының бəрін қабылдау керек дегенді білдірмейді, бірақ олардың қандай да бір құндылығы бар-жоғын білу үшін олардың сөздерін тыңдау, жазғанын оқу пайдалы болар еді. Сізге кім жолды көрсететіні маңызды емес, маңыздысы – өзіңіздің түпкілікті нəтижеге жетуіңіз.
Көмек ұсынысына ең ақылға қонымды реакция: «Егер сіз маған қарапайым, дұрыс ж/е ұтымды жолды көрсете алсаңыз, Мен сіздің кеңестеріңізді қабылдауға дайынмын». Егер сіз өзіңіз қалаған нəрсені табудың жолын білмесеңіз, бұл сіздің ақымақ екеніңізді білдірмейді. Сіздің шындық туралы ойларыңыз тұйық шеңберге сəйкес, Құлдық Санаға дағдыланып қалған.
Көптеген кəсіпкерлердің шешімдері, мысалы, дəстүрлі іскерлік тəсілдермен шектеледі, сондықтан олардан алып корпорация кетудің қажеті жоқ. «Біз əрқашан осылай жасаймыз», дейді олар. Тек осылай ойлау жəне əдеттегі мінез-құлық үлгілеріне назар аудару арқылы біз өзімізді жаңа нəрсені көру мүмкіндігінен айырамыз. Сіз өзіңізден: «Менің идеяларым, наным-сенімдерім мен пікірлерім қандай? Олар мені қалаған адам болуға көмектесіп жатыр ма, әлде маған керек нəрсені жасауға кедергі болып тұр ма?» Жауабы қандай болса да, сіз барлық кедергі келтіретін ой мен көңіл қалауларын құртуыңыз керек. Мақсатқа жетуге көмектесетін жаңа ақпарат үшін ақылыңызды ашу керек. Мақсатты жоспар арқылы талдай алу, оның мəнін зерделеу
Егер сізде бір салада тəжірибе болмаса немесе мектепте бір пəн бойынша үлгеріміңіз төмен болса, бұл сіздің үйренуге қабілетіңіз жоқ дегенді білдірмейді. Сізге жай ғана білім мен тәжірибе қажет емес еді. Бірақ егер сізде оған қажеттілік пайда болатын болса, сіз білім мен тәжірибені тез игере бастайсыз. Себебі, сіз оның пайдасын түсіндіңіз. Мақсатқа жету үшін көмектен бас тартпаңыз, бірақ бәрібір 99% жұмысты өзіңізге жасауға тура келетінін ұмытпаңыз.
КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАДЫ
Көмекті қайыр сұрау арқылы емес, қолдау сұрау арқылы алу керек. Ең дұрысы ешкім сізге көмектеспейтінін білгеннен кейін, өзіңізге көмекті өзіңізден артық ешкім бере алмайтынын түсіну.
Сіз адамдарға «кемшіліктеріне» қарап баға бермеңіз, олардың артықшылықтарын іздеңіз және соны үйреніңіз. Міне көмек! Өткен амал-əрекеттер, қателіктер, күнәлар туралы ойламаңыз. Арман-мақсаттардың «мүмкін еместігі» туралы ұмытыңыз. Міне көмек! Сіздің ақылыңыз, сіз ойлағаннан да əлдеқайда жоғары екендігіне сеніңіз, шектеулерді бұзып шығыңыз. Міне көмек!
Қайратты ұмтылыстар мен қатты қалау, барлық назарды арман-мақсатқа аудару – түпкілікті нəтижені міндетті түрде береді. Егер сізде қандай да бір идея немесе сенім болса жəне бұрын болмаған нəрсені жасағыңыз келсе, онда бұл идеяға деген сенімділік маңызды. Әрбір қалау-ниетті жүзеге асыру мүмкіндігі көмекті қабылдауға дайын болуыңызға байланысты. Егер сіз кітап оқып отырып оны ортан белден жаба салсаңыз, онда сіз кітаптан ешқандай пайда көрмейсіз.
Көмеке алу үшін сіз өзіңізді басқаларға сендіріп, қабілетіңізді дəлелдеуіңіз керек. Сіз мақсаттарыңызға жету үшін адамдарды ынтымақтастыққа тартуыңыз керек, сіз олармен сенімді қарым-қатынас орналату үшін бар күшіңізді салуыңыз керек.
«Адамдардың қолдауына қалай қолжеткізуге болады?» – əр адам осы проблемаға тап болады. Бәрі негізі өзіңіздің ішіңізде, қоршаған ортаның жалған сеніміне алданбаңыз, олардың ісі сіз үшін дәлел бола алмайды. Біздің əрқайсымыздың өз шындығымызды бар жəне біз соған сəйкес əрекет етеміз. Егер сіздің айналаңыздағы біреу шындық туралы жалған түсінікке ие болса, олар сіздің қалау-ниетіңіздің орындалмауына, мақсатыңыздың орындалмауына жəне т.б. логикалық себептерін келтіре бастайды. Ол жай ғана өзінің түсінігі мен сеніміне сəйкес ойлайды. Бұл сізді шектеулер мен бас тартуларға әкелмеуі керек.
Ең қиыны адамды ойлағанынан гөрі көп (артық) нəрсені жасай алатындығына сендіру. Сіз балаңыздың не істей алатындығын көресіз делік. Бірақ егер ол сіз қалағаннан артығырақ жасамаса, не сіз дұрыс көмектеспедіңіз, не өзіне қалай дұрыс көмектесу керек екенін үйретпедіңіз.
Мүмкін сіз өз қызметкерлеріңіздің немесе достарыңыздың шынайы əлеуетін болжай алмайтын шығарсыз, сіз олардан күдіктенбеңіз, себебі бұл басты проблема – егер олар өз əрекеттерінде шындық пен ақиқатты басшылыққа алса, олардан үйреніңіз, жабайы болмаңыз.
БАСҚА АДАМДАРҒА ҮМІТ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ
Сізден көп үміт күттіріп қоймаңыз, іспен дəлелдегенше асығыңыз. Жақсы менеджерлер, ата-аналар немесе ерлі-зайыптылар бір-біріне көмектесіп, үміт пен күту деңгейін арттыра алады. Олар өзі, өзге, өмір туралы түсініктерін өзгерте алады. Олар өздерін бұрын сенбеген нəрсеге сендіруге мəжбүр ете алады, содан кейін оларға ішкі диалог (аффирмация) пен қиял (визуализация) осы сенімді жүзеге асыруға көмектеседі.
Сіз адамдардға «дұрыс жолмен жүр» деп айта алмайсыз. Бүгінде олар бұған келісу үшін əлдеқайда күрделі болады. Баланы əлі де сендіруге болады, өйткені ол сенімге сүйенеді, бірақ көп ұзамай ол өсіп, логикалық ойлана бастайды жəне ұтымды дəлелдерді қажет етеді. Сіз басқаларға шындықты (өмірді) өзі ойлану арқылы құруға жəне осы кітапта сипатталған əдістерді қолдануға үйретуіңіз керек. Егер олардың біреуі сізді тыңдамаса, олар өздерінің сенімдерінің дұрыстығын растау үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды жəне ақыр соңында сіздің күш-жігеріңізді нөлге дейін жеткізуге тырысады немесе сізбен байланыс үзуге дейін баруы мүмкін, себебі оның сенім ауыр тас сияқты, жартастан құлату үшін үлкен күш пен біраз уақыт керек. Ал сіз ешқашан дұрыс жолдан таймаңыз. Егер де бір іспен айналыссаңыз, ол сізге стресс емес, бақыт пен көңіл толу, қанағат сезімін əкелетін болсын.
ӨЗІҢІЗДІ ОПТИМИСТЕРМЕН ҚОРШАҢЫЗ
Ортаңыз дұрыс жақсы болмаса, позитивті адамдарды іздеңіз, солармен көп əңгімелесіңіз. Айналаңыздағылардың арасында үнемі: «Бұл мүмкін емес. Шығатын жол жоқ. Мұны қалай жасауға болатынын білмеймін!» дейтін пессимисттердің сізге ешқандай пайдасы жоқ. Сіз адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ екеніне сенуіңіз керек, себебі бұның бәрі шектеулер. Қабілетті жоққа шығаруға мүмкіндік беру, бұл қалай? Басқаша айтқанда, сіз олардың пайдасы үшін өз құқықтарыңыздан бас тартасыз ба? Олай болса, өз өкілеттіктеріңізді қайтаруға асығыңыздар. Сіз өзіңізді бизнесте қандай адамдармен қоршайсыз? Олардың ойлары неге бағытталған – проблемаларға (пессимизм) немесе шешімдерге (оптимизм)? Айналаңызды мұқият таңдаңыз – өйткені ол сіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізге үлкен əсер етеді, тіпті егер сіз оны өзіңіз білмесеңіз де. Айналаны адам таңдамайды, тағдыр таңдап береді дегенді ақылдан шығараңыз. Сіз өзгерсеңіз, орта өзгереді. Басқалардың теріс, жағымсыз, негативті көзқарасы – жұмыс тобында, отбасында, қарым-қатынаста болсын, жұқпалы дерт. Мақсатқа жетудің мүмкін еместігіне сенімді адам өзінің дұрыстығын дəлелдеу үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды. Жаңа бастамалардың жүзеге асатынына сенетін адам батыл қадам жасайды жəне өз жоспарын орындайды.
Неліктен компания басшысы белгілі бір жоспардың орындалмайтындығына сенімді болу үшін ақша құртады, бұл орынсыз шығын ғой? Себебі ол бірінші қателескісі келеді, тек сонда ғана жоспардың, графиктің, статистиканың дұрыс бұрыстығы анықталады. Табысқа деген сенімділік осылай, шығын арқылы қалыптасады және компания осындай батыл шешімнің арқасында, мол байлыққа қол жеткізеді. Бейсаналық кедейлік ондай байларда жоқ.
Адам өзін өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары, көп білетін, көпті көрген, ойшыл оптимистармен қоршау керек. Ол оларға тек проблемаларды көруден гөрі шешім (нəтежие, дəлел) іздеуді үйретеді. Əрбір күшті адам мақсат қояды жəне оны жүзеге асыру үшін қажетті әрекетті жасайды. Егер адам жүзеге асатын, орындалатын мақсат қоюды үйренсе, ол шынымен керемет адам болады жəне ол өзіне өмірде максималды нəтижеге жетуге көмектеседі.
Жеке өсу мен даму немесе өмірдегі қандай да бір өзгерістерді жүзеге асыру үшін біз үміт пен күту деңгейін көтеруді үйренуіміз керек. Мұны істеу үшін сіз Құдай заңдылықтарына, өзіңізге жəне мақсаттарыңызға берік сенуіңіз керек. Біз өз идеяларымызды жүзеге асыра алатынымызды білуіміз керек. Егер қалғандары алдымен сену үшін көру керек болса, ал біз алдымен көру үшін сенентін боламыз. Біздің өз күшімізге деген сеніміміз басқаларға беріледі. Өзіне деген сенімділікпен жəне бізге көмектескісі келетіндермен – біз басқаларға мүмкін емес болып көрінетін нəрсені жасай аламыз.
СЕНІМНІҢ ШЫНАЙЫ МӘНІ
Өмірлік сəттіліктің барлық сыры басқалардың «мүмкін емес» деп санайтын нəрсені жасауға «Шексіз Күш-Қуат» табу. Өмір туралы ой-пікірге сүйене отырып, сіз қанша рет өзіңізге мақсат қойдыңыз? Сіз қазір не істегеніңізді емес (өткен шақ), өзіңіз қалаған жəне ұмтылатын нəрсені басшылыққа алуыңыз керек. Мұның бəрі бір сөзбен біріктіріледі – сенім. Сенім эзотерикалық немесе діни мағынада емес, психологиялық жəне физиологиялық ұғым ретінде. Егер сіз сана мен бейсана тандемінің қалай əрекет ететінін түсінсеңіз, сенім жаратылыстың табиғи процесінің негізі екенін білесіз. Əрекеттердің нəтижесі сіздің шығармашылық қабілеттеріңізге деген сеніміңізге байланысты екенін түсініп, сіз басқаларға «мүмкін емес» болып көрінетін проблемаларды жеңе аласыз. Сіз жай ғана өз қалауыңызға назар аударуыңыз керек, содан кейін сіз қалаған нəрсені жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты қарсылықсыз жəне ешқандай артық күш жұмсаусыз бейсанаңызға жеткізесіз. Сіз не іздесеңіз, ол да сізге қарай бағытталған. Бірінші қадам – көрместен бұрын сену.