Сіз дауыссыз ба, әлде жаңғырықсыз ба?
Меніңше, адам танымының өсуімен және үлкен өнертабыстардың пайда болуымен, интернет арқылы (смартфон, планшет, ноутбук, компьютер) бұл білім таратылады, сол себепті бәрімізге попугай болу қаупі төніп тұр, сіз жай ғана басқа біреудің пікірінің жаңғырығы боласыз.
Күнделікті газеттер беттерінен (менің ойымша газет оқитындар әлі бар), кинотеатрлар мен теледидар экранынан, кітаптар мен көшедегі жарнамадан, интернеттен, әлеуметтік желілерден біз басқа адамдардың дауыстарын естиміз, олар бізге не ойлау керектігін айтады, бізге қалай өмір сүру керектігін және неге сену керектігін түсіндіреді. Мен – сол екіжүзділердің бірімін. Мен сізбен осы кітап бойы өз идеяларымды бөлісуге тырыстым. Менің ойымша: «Менің ойлау тәсілім сіздің ойлау тәсіліңізге айналып кетеді деген үлкен қауіп бар». Мен сізді попугайға айналдырғым келмейді. Сондықтан мен өзім не ойлайтынымды сізге ойлатуға тырыспайтынымды түсіндім, себебі мен ақиқат емеспін. Ақиқаттың (мен үшінші кітап жазып отырмын) не екенін мен үш кітап бойы қақсадым.
Менің мақсатым, сізді өзіңізді ойлануға шақырамын. Ал сізде өмірден түсінген, ұққан қандай астарлы идеялар бар? Бар болса бөлісе отырыңыз. Мен берген идеяларды алыңыз және олардың пайдасын өз тәжірибеңізде сынап көріңіз. Идеяларды аямай сынаңыз.
Сонымен сіз жаңғырық болып қала бересіз бе, сіздің даусыңыз адамзат үшін болмаса да өзіңіз үшін маңызды болуы керек, таңдау сізде – көптің бірі болу, не тұлға болу, (ең дұрысы адам болу,) бірақ ең дұрысы бәріне разы болу!
Сіз осы идеялар арқылы жеткілікті мотивация алып, миыңызға біраз түзетулер енгіздіңіз деп үміттенемін. Бірақ сіз оқылғанның бәрін біраз күндерден кейін ұмытатыныңызды естен шығармаңыз, сондықтан осы идеяларға қайтып оралып тұрыңыз! Мен сізге барлық өмірлік бастамаларыңызда сәттілік тілеймін! Келесі кітапта кездескенше!