Қалай ойлайсыз, біз қаншалықты қартайдық? Мен бүкіл адамзатты айтып отырмын. Сіз қалай ойлайсыз, адамзат өзінің дамуының бастапқы сатысында тұр ма әлде соңына жетті ма? Сіз адамзат өзінің қартаю кезеңіне келді деп ойлайсыз ба? Бәлкім біздің бірінші өмір ақырзаманға дайындалып жатқан шығар?
Менің болжамым (Нострадамус пен Вангадан қай жеріміз кем) … мені көріпкел деп ойлап қалмаңыздар, бірақ шын болып жатса, болашақта тексере жатарсыздар. Қияметке дейін максимум 7 ғасыр, бұл тым көп менің ойымша, 2—3 ғасыр қалды деп ойлаймын. Мен бұл болжамды 2021 ж. жасап отырмын. Яғни максимальды жер ғаламшары, табиғат, адамзат 28 ғ. дейін ғана өмір сүре алады, бұл экстрасенсорлық болжам емес ақылдың болжамы.
Ал қазір адамзат балалық шақтан ересек өмірге, жеке басым, енді ғана өтіп жатқанына сенімдімін. Бүгінгі адамзат, Исламның хронологиясы бойынша он үш-он төрт жастағы бала. Адамзат қазір цифравизация, автоматизация кезеңін аяқтап, роботизация және модификация кезеңіне өтуге дайындық үстінде, әрине бұны адамдар қабылдай алса, оған бейімделе алса.
Ғалымдар адамның Жер бетінде кем дегенде миллион жыл өмір сүріп жатқанын анықтаған екен. Бірақ, менің ойымша, адамдар әлдеқайда ертерек пайда болған. Ол ондаған мың жылдар бойы өркениеттер құрды. Бұл өркениеттердің көпшілігі қазір ұмытылған, олардың қалдықтары мұхиттардың түбінде, шөлдердің құмдарында, тау жоталарының астында немесе үлкен қорғандарда жерленген. Дегенмен, бізден бұрынғы өткен өркениеттердің бәріне қарамастан, адамзат қазір, өзінің өтпелі кезеңін (переходной возраст) ғана бастан кешуде.
Адамзаттың ғылым мен технологияда үлкен жетістіктері әлі алда екеніне сенімдімін. Себебі біз әлі, өзін-өзі басқара алатын, ұшатын машиналарды ойлап тапқан жоқпыз, біздің үйлеріміз жер бетінен әуеге көшкен жоқ. Әрине мен тым алысқа кетіп қалдым, дегенмен адамзаттың ең үлкен күндері әлі алда.
Адамзаттың шын мәнінде барлық ұлы жетістіктері әлі әлемде пайда болған жоқ. Болашақтың музыкасы, бүгінгі немесе өткен ұлы композиторлардың туындыларынан асып түседі. Моцарт, Бах және Бетховеннен асып түседі, себебі олар да бір кездері өздерінен бұрынғылардан асып түскен.
Болашақ әдебиет сондай шедеврлер тудырады, онымен салыстырғанда Шекспирдің, Мильтонның және басқа да ұлы шырақшылардың туындылары балаларға арналған ертегі болып қалады.
Ежелгі Греция мәдениеті бүгінгі күнге дейін теңдесі жоқ, рухани талпыныстың жаңа толқындары бұл мәдениетті тұғырдан құлатады, ол болашақта міндетті түрде орын алады.
Қазіргі инженерияның ең үлкен жетістіктері: көпірлер, бөгеттер, ұшақтар, электроника және атом энергетикасы – болашақ техникамен салыстырғанда балаларға арналған ойыншықтар сияқты болады.
Бірақ ең бастысы: адамның өзінің рухани мәнін түсінуі және оның рухани әлемі фантастикалық пропорцияларға дейін өседі. Бұрынғы діни данышпандар пигмей (бейшара) болып шығады, болашақтың рухани көшбасшыларымен салыстырғанда. Шамиль Мырзаға Алланың сәлемін жолдаймын.
Мүмкін, адамзаттың ең үлкен жетістігі – бұл үлкен қуат көздерін ашу, әлі ешкім қозғамаған, батылдық пен даналық көздерін ашу. Аспанды, планеталарды, галактикаларды бағындыру.
Сондықтан адамзаттың болашағы үшін алаңдамаңыз. Оданша өз болашағыңызға бұрылып қараңыз, себебі ең жақсысы әлі алда.