Сіз «Титаниктің» қайғылы оқиғасын есте сақтағаныңызға сенімдімін, бірақ сіз «Калифорния» оқиғасының алғашқы оқиғамен тығыз байланысты екенін білесіз бе?
1912 жылы Ұлыбритания жағалауынан «Титаник» кемесі (лайнер) Атлант мұхиты арқылы круизге кетті. Титаник сол кезде салынған ең үлкен кеме болатын. Сол кезде оның мүлде батпайтынына бәрі сенімді болатын, алайда Атлант мұхитының ортасында кеме су астындағы айсбергке тап болды және тез арада батып кетті. 2000 жолаушының 1517-сі қайтыс болды. Әрине, бұл қайғылы оқиға үлкен наразылық тудырды. Егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізілді және оқиғаның себептері анықталды: кеменің жылдамдығы тым жоғары болған, құтқару катерлерінің саны жеткіліксіз болған және олар нашар жабдықталған, бірақ ең бастысы – айсбергтер туралы ақпарат болмаған. Осы оқиғадан кейін Халықаралық айсберг патрульі құрылды және де қатаң ережелер енгізілді. Бұл зерттеу кезінде тағы бір факті анықталды, бұл туралы көп адам біле бермейді.
«Титаник» суға батып бара жатқанда, небәрі отыз км қашықтықта басқа кеме болды, «Калифорния»! Ол туралы әрине кино түсірілген жоқ, бірақ мәселе онда емес. Ол кезде радиобайланыс соншалықты тиімді емес еді және радио операторлары аз болды. Сол кеште «Калифорнияның» жалғыз радио операторы сағат он жарымда рациясын өшіріп тастады және ұйықтауға кетті. Бір сағаттан кейін «Титаниктен» көмекке үмітсіз өтініш келді, бірақ «Калифорния» радиосы өшірулі болды. Негізінде «Титаник» – тің суға кету себебі, басқа кеме жанында бола тұра, одан бір сағаттық қашықтықта, не болып жатқанын білмей, «Калифорния» кемесінің көмекке келмеуі. Мен үшін «Титаниктің» басты трагедиясы: көмек мүмкін болатын, бірақ көмектесе алатын кеме бұл туралы білмеді!
Бұл бәріміз үшін үлкен сабақ. Сіз өмір теңізінде кемемен жүзгенде, басқа біреудің кемесі, қандай да бір айсбергке соқтығысуы мүмкін шығар және көмекке шақырып жатқан шығар. Бірақ ең өкінішті жағдай, адамдар «SOS» немесе «Маған көмек керек» деп айқайламайды, мен қайыр сұрау жайлы айтып отырған жоқпын, мен ақылдың көмегі жайлы айтып отырмын. Мысалы бір адамның тозаққа түсіп кетуінен бәлкім сіз құтқаратын шығарсыз, яғни мен рухани көмек пен бірлік жайлы айтып отырмын. Көп адамға көмек керек, көп адамға кеңес керек, көп адамға қолдау керек, шын мәнінде көп адамға ең бірінші кезекте материалдық емес моральдық көмек керек, себебі біріншісі ол жай салдары ғана. Көп адамға бағыт керек, көп адамға жол көрсету керек, ал бірақ көп адамға ақшадан басқа ешнәрсе керек емес, ал тура жол көрсету ше, ол да көмек емес пе? Бірақ кей адамдар «Мен итак та тура жолдамын, мен бес уақыт намаз оқимын, ораза ұстаймын… мен көмекке мұқтаж емеспін» дейді. Көмек біздің барлығымызға да қажет дүниедегі ең тақуа немесе ең білімді адам болсақ та. Көмек алу, көмек беру, бұл адамзаттың бірігуінің жалғыз жолы.
Көп адам рухани көмекке ашуланумен, алшақтықпен, сарказммен немесе басқаша реакция жасайды. Басқа адамдардың «SOS» – ын тыңдауға уақыт бөліңіз. Бұл ағылшын тілінде «жанымды сақта» дегенді білдіреді. «Мен саған көмектесе алмаймын» деп айтпауға тырысыңыз. Үмітсіз өтініштерді тыңдаңыз: «Өтінемін, мені жақсы көріңіз. Мен қиналып жүрмін және жалғызбын». «Менің уақытым жоқ, жұмыстарым бар» деп айтпаңыз, жұмыс ешқайда қашпайды, ал көмектің сауабы қашып кетуі мүмкін. Алайда бұндай көмекке шақырулар кез келген күні естілуі мүмкін, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. «Калифорния» кемесі болмаңыз, ұйықтап қалмаңыз дегенім ғой. Қаншама титаниктар айналаңызда батып бара жатқанын біліңіз және сіз «SOS» – ты естіп, көмекке келе аласыз. Бұндай керемет қасиет сіздің тағдырыңызға жазылуы керек.