К книге
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 БөлімСананың ең тиімді қаруы
26%
Сананың ең тиімді қаруы
13

Сіз өзіңіздің газоныңызды тырнақ алатын қайшымен кесуге немесе консерві банкаларын бәкімен ашуға тырысасыз ба? Әрине, жоқ. Сіз таба алатын немесе сатып алуға болатын ең тиімді құралдардың көмегімен ғана үй жұмыстарымен нәтежиелі айналыса аласыз.

Бірақ бұның бәрі өмірде қалай жүзеге асырылады? Сіз өз өміріңізде қандай құралдарды қолданасыз? Байқайсыздар ма, біздің әрбір ой, әрбір сөз және әрбір әрекет біздің физикалық жағдайымызға (денсаулығымызға) әсер етеді, қоршаған ортаны және адамдарды таңдауға әсер етеді, біздің кіммен сөйлесіп, кіммен қарым-қатынас орнатып жүргенімізге әсер етеді. Егер осының нәтижесінде біз бақытсыздық, сәтсіздік, ауру, кедейлік (т.б.) деп аталатын нәрселерге өзімізді алып келсек, онда біз ақылмен дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдамағанымыздың салдарынан. Еріксіз болса да, бұл сіздің өз санаңызды қалай қолданатыныңыздың дәлелі.

Біздің әрқайсымызда жасампаздықтың орасан зор тетігі (механизм) бар. Сіз оны ой мен қиялдың сарайы деп атасаңыз да болады. Онда біз қалағанымызды жасау үшін қолданатын материалдар бар. Біз өз ойларымызды дұрыс жолда қалыптастыруда қолданатын қарулардың ең тиімдісі – бұл қиялдың күші немесе біз оны әдетте жай қиялдау деп атаймыз. Бұл қиялдың күші, Құдай берген барлық қабілеттер жиынтығы, ең бастысы біздің басқаруымызда және бақылауымызда. Кейде біздің бейнелерімізді жасаушы, біздің қиялымыз бізбен қатал әзілдер ойнайтын сияқты көрінуі мүмкін, өйткені ол біздің сөздеріміз бен істерімізді байқап, өз қалауымызбен байланыстыра алмайды, сол себепті адам арман-мақсаттарын тастайды, себебі біздің көпшілігіміздің сөзіміз ісімізге сай келмейді немесе сөздеріміз істерімізден озып кетеді.

Бірақ ереже солай, тұлғалық жетілдіру мен бизнестегі сәттілік әрқашан біздің қиялымыздағы имиджіміздің суретімен байланысты. Күйзеліс, ауру және кедейлік (т.б.) – бұл біздің сана механизмімізде бір нәрсе бұзылғанының белгілері. Біз кедейлік немесе ауру бейнелерін сыртқы факторлар әсерінен қалыптастырамыз, бұл кедейлік пен ауру туралы ойлар қиялдың күшіне айналып, оларды бейсана нақты өмірге енгізгенге дейін ақылымызда ұстап тұрады және біз ол ойлар мен бейнелерден арыла алмай жүреміз. Бір сөзбен айтқанда, қалай адам өзін кедей немесе ауру қылатынының психологиялық дәлелі.

Кез-келген жаман оймен күресудің ең жақсы уақыты – бұл сіздің ойыңызда оның пайда болған сәті. Бұл кезде қарсыластың (жаман ой, бейне) ең әлсіз болатын уақыты. Бірақ ол пайда болғаннан кейін онымен күресуден гөрі, оның бейсанаға енуіне жол бермеу керек. (Бұны қалай жасау керек туралы толығырақ сіз бірінші және екінші кітаптардан оқи аласыз). Ойлардың қырағы күзетшісі болыңыз, қиялдың сарайына тек шығармашылық пайдалы сипаттағы ойларды жіберу керек.

Өз ойларыңызды жазу арқылы «БАҚЫЛАУ жаттығуы» өте маңызды, сіз сол арқылы ақылыңызды қорғауды, басқаруды үйренесіз. Әрбір ойдың біздің мінезімізге және істерімізге қатысы бар, сондықтан олардың әрқайсысын жазу арқылы сіз өзіңізді өзіңіз тани бастайсыз, есіңізде болсын: әрбір ой, ол ішкі сөз, сол себепті ойды сөзге айналдырып жазу қиын емес және ең бастысы қандай жаман ой, сөз болмасын өзіңізден шошымаңыз, себебі сіз одан жоғары көтерілуіңіз керек.

Тағдырды өзгертудің жалғыз жолы – әдеттегі ой тәртібін өзгерту. Сіз не туралы жиі ойлайсыз? Біз ойланған уақытта, үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Біздің ойларымыз бен сөздеріміз біз өмір сүретін әлемге шығармашылық немесе деструктивті түрде әсер ете алатындығын үнемі есте ұстауымыз керек. Сіз үнемі: «Мен бұдан әрі шыдай алмаймын, Мен ауырып тұрмын, Маған ақша жетпейді, Мен қатты шаршадым» деп қайталайсыз ба? Демек, сіз осылайша өзіңіздің күшіңізден, денсаулығыңыз бен өркендеуіңізден бас тартасыз. Сізге тиесілі болып тұрған бақыттан сананың шалалығының кесірінен бас тартпаңыз.

Қызғану, ашулану, тарылу, екіжүзді болу, тәкаппарлану (т.б.) және мұң мен қайғы, қорқыныш басқан ойлар мен эмоциялар сіздің тәніңізге бұзылу мен ауру арқылы жауап беруге мәжбүр етеді.

Қиял құралдарын ақылмен қолданыңыз және өзіңізге: «Мен өмірдің әрбір қиындығына шыдай аламын, Мен ешқандай аурудан қорықпаймын, Менің ақшам әрқашан жеткілікті, Мен шаршамаймын және Менің шексіз күш-қуатым бар, Мен барлық адамдармен және өзіммен жақсы және дұрыс қарым-қатынастамын» деп айтыңыз. Сіз денсаулыққа, бақытқа және өркендеуге жол ашасыз. Егер сіз ашық және мейірімді адам болсаңыз, егер сіз жақын адамдарыңызға адал және қамқор болсаңыз, онда сіз көп ұзамай «Ізгілік Патшалығында» екеніңізді білесіз. Әрбір жасаған жақсылықты (өзіңізге, өзгеге) – өмір сізге жүз есе етіп қайтарып береді.

Предыдущая главаГлава 13 из 50Следующая глава