Мен бір аңыз әңгіме жайлы айтып берейін, себебі оның шын болған, болмағанын ешкім білмейді. Бір кездері екі еркек, әйгілі немесе, дәлірек айтқанда, танымал кейіпкерлер болған. Бұл екеуі жақында жерленгендердің денелерін қазып, медициналық мектептерге сату арқылы жақсы ақша табуға болатындығын анықтап және де солай жасаған екен. Бұл көптеген жылдар бұрын болған делінген. Әрине, қорқынышты нәрсе, бірақ өзіңізден сұрап көріңізші: сіз кейде қабірлерден мәйіттерді ұрламайсыз ба? Мен сізді қорқытқым келмейді, мен сізді құрметтеймін, бірақ көпшілігіміз осындай әрекетті өзіміз білместен жасаймыз.
Егер де сізге, өткен, ескірген, қайғы-қасірет немесе күнә-қателіктер ойыңызға келгенде, сіз оларды қайта-қайта еске түсіре бергенде немесе одан да жаманы – олар туралы басқаларға айтқанда, сіз жай ғана ескі, өткен, өлген қабірді қазып жатырсыз.
Сіз өткен шақтан не күтетіндігіңізді жақсы білесіз, солай емес пе? Сіз сол арқылы өзімді түзеймін деп ойлайсыз, себебі әрдайым сіздің бейсанаңыз өткен шақты сізге еске түсіру арқылы сізді басқарғысы келеді.
Қазіргі уақытта, қазіргі сәтте өмір сүріңіз, тек қазіргі проблемаларға ғана назар аударыңыз, болашаққа жоспар құрыңыз және өткенді жалғыз тастап кетіңіз, ол сіздің балаңыз емес, бірақ сіз сонда да оны қимайсыз, қайтып орала бересіз. Жай қалдырыңыз. Өткен шаққа салқынқанды болыңыз.
Ұлы философтың: «өлгендерді өлгендер жерлесін», – деп айтқаны бар еді, мен оны бірден түсінбедім, біраз ойланғаннан кейін «өткен шақ» туралы айтып тұрғанын түсіндім. Өткенді ойлау және өткенмен өмір сүру өлімді білдіреді. Сіз өткен, кеткен туралы ойлай берген сайын, сіз уақыттың шектеулі екеніне сеніп қаласыз және уақытқа алданып қаласыз. Сіз осылайша өзіңізді қартайтасыз және әлсіретесіз, сіз өзіңіздің өліміңізді жақындатасыз.
Алла: «Егер де сенен (Мұхаммед а. с.) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын.» деді, ал Құдай бізден жақсырақ біледі. Сондықтан өткенді босату үшін кімнен көмек сұрау керек екенін сіз жақсы білесіз деп ойлаймын.
Өзіңізге осы минутқа дейін болған оқиға туралы жаман естеліктерге оралмау ниетін ереже ретінде алыңыз және осы ережені ұстаныңыз. Зиратта ұрлықпен айналысу үшін өмірге тым қымбат баға төлеу керек болатынын естен шығармаңыз. Өткен өтті, кетті, ол жоқ: оны босатыңыз. Міне, біздің барлық қайғы-қасіреттерімізді, көңілсіз болуымызды және сәтсіздіктерімізді шешудің керемет құпиясы: олардан (өткен шақ) арылыңыз. Оларды санаңыздан алып тастаңыз, бақытты өмірге бос аймақты қалдырып, өткеннің қоқыстарын тазалаңыз және олардың қазіргі уақытта сізбен екендігі туралы ойдан бас тартыңыз. Көрдіңіз бе, олар өмір сүре алатын жалғыз орын – бұл сіздің санаңыз.
Қазіргі уақыт, қазіргі сәт қызықты және таңғажайып нәрселерге толы, бұл әрбір адам үшін уақытты дұрыс пайдалануға берілген керемет мүмкіндік. Адам, өзінің рухани күшін және бар өмірін қазіргі уақытта, қазіргі сәтте өлі нәрсеге жұмсау ақымақтық. Өткенді қалдырыңыз. Оны босатыңыз. Өзіңізді еркіндікке шығараңыз. Ескі күнә-қателіктердің, сәтсіздіктердің және соған ұқсас оқиғаларды қайтадан еске түсіріп, қабірлерді тонауға бармаңыз. Жаңа күн бар, яғни болашақ бар. Оның жақсы болатынына қуанып, бақытты болуды үйреніңіз. Өткенді өткенде қалдырыңыз.
Сіз бүгін мен қазір үшін жаралдыңыз, одан басқа уақыт сізде жоқ, сіз «бүгіндер» мен «қазірлердің» тізбегінде өмір сүріп жатсыз, өткен кеш, болашақ жабық.
Бүгінгі күн ең бақытты күн, ең сәтті күн, сіздің өміріңіздегі ең табысты күн. Егер сіз өткеннен босатылған болсаңыз, онда сіз ақиқатқа бір табан жақындағыныңызды біліңіз!