Сіз өмір жолында қандай адамдармен кездескіңіз келеді? Олар сізге бақыт қосатын бақытты адамдар бола ма немесе сіздің өміріңізді сұр түске бояуға тырысатын шаршаған, жабыққан және шарасыз адамдар бола ма? Сіз өміріңізді бақытты ететін және сізді шатыққа бөлейтін адамдармен қоршауға қуанышты болар ма едіңіз? Мұны орындаудың оңай жолы бар. Тек шынайы мақтау сөзі керек. Өтірік емес, терең және әділ мақтауды айтамын.
Маған бір адамның оқиғасы қатты ұнайды. Бұл он үш жастағы жасөспірім, итальяндық, Нью-Йоркте тұрды. Ол мұғалімдерден қатаң жаза алатын, себебі ол үнемі төбелесіп, тәртіпсіз болатын. Ол мұғалімдерге дөрекілік көрсетіп, қатаң жазаға тартыла берген сайын, оның мінез-құлқы одан сайын нашарлайтын.
Алтыншы сыныпта ол үндемейтін, шыдамды және ұстамды мұғаліммен кездесті. Бір күні үзіліс кезінде ол одан сабаққа кіруді сұрады. Ол өз орнына боғауыз сөздер айтып барып орындығына отырды да жанындағы баланы итеріп жіберді. Мұғалім үндемеді. Бірінші рет жазалану сезімін сезінбеген бала біртүрлі болып қалды. «Ал енді сабақты бастайық…". Сабақ біткеннен кейін мұғалім балаға таянып: «Мен сенің жақсы бала екеніңе сенімдімін, сондықтан, егер сен, бұдан былай жаман сөздер айтып, басқа балалардың мазасын алмайтын болсаң, мен сені, сабақ оқымай-ақ, өз пәнімнен беске қортамын, жарайды ма?». Бала не айтарын білмей қалады.
Келесі күні сабақта Мұғалім оған қарап, шынайы жылулықпен: «Бүгін сен таза көйлегімен қандай әдемісің» деді. Ол иығын көтеріп, тік отырды. Келесі күні ол мақтаған көйлегінің жағасы әбден тозған қара галстукпен байланған екен. Мұғалім галстукті бірден байқап, баланың тозған галстугын мақтады. Бір күннен кейін оның жыртылған аяқ киімдері жаңасына ауыстырылды, ал аяқ киімнің өзі жылтырап тұрды. Жаңа Мұғалім бұрынғы бұл балаға мұғалім болғандарға бұрылып: «Оны мақтаңыз, ол өзгереді. Тек оны мақтаңыз, егер де тіпті бағынбаса – алдаңыз» деді. Мен бұл оқиғаны оқығанда, «Мынау ең біртүрлі кеңестердің бірі екен» деп ойладым.
Бір қызығы ол өскеннен кейін, Гарвард университетінің ректоры болды. Мүмкін бұл баланың тағдыры басқаша болар ма еді, кедей болар ма еді, трущобаларды (қаланың кедей қараңғы шетін) немесе притонды (бұзық пен азғындардың жасырын ұясын) мекен етер ме еді, немесе одан да жаманы болар ма еді. Бірақ ол әйгілі академик болды, өйткені бір кездері мұғалім оны жай ғана сөзбен алдай салды және мақтау жаудырды.
«Шын Мақтау» сәулесінде бәрі гүлдейді және құлпырады. «Шын Мақтау» бұл өмірге ылғал береді, әйтпесе барлығымыздың жүрегіміз құрғап кетер еді. Ізі амалдарды мақтай отырып, сіз бұл дүниеде ізгіліктің құралы боласыз. Кездесетіндердің барлығына қараңыз, олардың еңбегін бағалаңыз және оларға құрмет көрсетіңіз. Шынайы мақтаудың қарапайым сөзі сіздің өміріңізбен байланыста болған адамның жеке басын толықтай өзгерте алады. Шын Мақтаңыз, өйткені сіз мұны істегенде, сіз Құдай разылығына бөленіп «Махаббат Рухы» ретінде әрекет етесіз.
Бауырлар, біз бұл дүниеге Құдайдың сүйіспеншілігінің құралы ретінде қызмет етуге шақырылдық. Бұл тағдырды орындаудың ең оңай жолы – жақсылыққа ұмтылу және оны мақтау, оған разы болу.