К книге
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 БөлімЖағымсыз эмоциялар мен күйзеліс
30%
Жағымсыз эмоциялар мен күйзеліс
15

Сіз жиі мазасызданасыз ба? Уайымдайсыз ба? Қорқасыз ба? Үрейленесіз бе? Бұлардың барлығын бір сөзбен айтқанда күйзеліс дейді немесе жағымсыз эмоциялар дейді. Маған бір адам туралы әңгіме ұнайды, ол үнемі мазасыздықтан уайымдай беремін деп психиатрға жүгінген. Гипноздың көмегімен психиатр осы адамның жадынан оның барлық уайымдарын алып тастай алды және ол емделіп, өте бақытты болып үйіне қайтты. Келесі күні ол қайтадан дәрігерге келіп, қатты ренжіді. «Дәрігер, дәрігер, мен қатты қорқамын» деді ол. «Сізді не қорқытуы мүмкін?» деп тамсанды дәрігер. «Дәрігер, кеше мені не мазалағаны есімде жоқ, содан қорқамын» деп жауап берген екен. Мазасыздық пен уайым бәрібір жабысып қалған.

Менің ойымша, біздің көпшілігіміз осындаймыз. Біз осындай ессіз және қарбалас әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бізде көптеген аурулар, жағымсыз эмоциялардан туады, кейбіреулерін мойындауға дайынбыз, ал кейбіреулерін тіпті өзімізден жасырғымыз келеді. Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс мидың тонусын төмендетеді және аурулар мен өмірлік проблемаларға қарсы тұра білу қабілетін жояды. Олар адамды білдірмей өлтіреді. Бұл туралы қателеспеңіз: Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс – бұл нағыз киллерлер. Онда біз неге олардан сақтанбаймыз? Олардан сақтанудың қарапайым жолы – оларға уақыт құртпау.

Сіз қарсылық білдіріп бұл туралы ештеңе істей алмайтыныңызды айтуыңыз мүмкін. Жағымсыз эмоциялар, күйзеліс әдетке айналды, ал ұзақ қалыптасқан әдетті бірнеше минутта жеңуге болмайды. Бұл дұрыс. Мен мұндай дәлелді, аргументтерді қабылдауға дайынмын. Бірақ егер жағымсыз эмоциялар мен күйзелісті тоқтатқыңыз келсе, онда сіз бір кездері бастауыңыз керек, солай емес пе? Егер сізге бастау керек болса, онда неге қазір емес? Егер сіздің күйзелісіңізді екі минутта жеңу мүмкін болмаса да, сіз бастауыңыз керек, ал қазіргі уақыт басқа уақыттан гөрі жақсырақ. Бұл күні ештеңеге алаңдамайтындығыңызға сенімді болуға тырысыңыз. Егер сіз белгілі бір болашақтағы оқиғаға алаңдасаңыз, қорықсаңыз түсінуге тырысыңыз, бұл не болуы мүмкін не болмауы мүмкін. Бұл өте қарапайым өмір, және сіздің алаңдауыңызға, қорқуыңызға ешқандай себеп жоқ. Сіз себептерді өзіңіз іздеп таптыңыз және соны жалғастыра беретін болсаңыз, бұл сіздің өміріңізге тек теріс әсер етеді және сіз ешқандай дұрыс шешім қабылдай алмайсыз. Егер сіз қорқынышты жеңгіңіз келсе, онда ойыңызды өзгертіңіз: мысалы сіз бір жағдайды күтесіз, бірақ сіз ойлағандай болмай шығады. Яғни, алаңдау мен қорқыныш деген не – ол бір жамандықты күту. Сол күту сезімін тудыратын себептерді санадан жою керек және ол себептерге бұдан былай жоламау керек. Мысалы сіз қорқынышты кино көріп, батыл боламын, осылайша қорқынышымды жеңемін деп ойламай-ақ қойыңыз. Қорқыныш сіздің рухани ресурстарыңызға соншалықты негативті әсер етеді, сіз осылайша өз өміріңізді бүлдіресіз. Бірақ егер сіз жағымсыз эмоциялар мен күйзелісті толықтай жоя алсаңыз, ең жаман жағдай орын алса да, сіз байқайсыз, сізде күш пен батылдық жеткілікті деңгейде пайда болады. Сіз кез-келген жағымсыз эмоциялармен бетпе-бет кездесе аласыз және проблеманы ішкі келіссөздермен шеше аласыз. Екі жақты ішкі диалог – біреуі жағымсыз эмоция, екіншісі сол эмоцияны жеңгісі келетін ниет, қалау, талпыныс.

Есіңізде болсын: қорқыныш, үрей мен алаңдаушылық болашаққа байланысты, ал уайым мен мазасыздық өткенге байланысты, ал осының барлығы қазіргі уақытта, қазіргі сәтте сіздің миыңызда орын алып жатады.

Сіздің өміріңіздегі барлық нәрсе дұрыс болмады деген ойлардан бас тартыңыз, егер сіз өткенге байланысты көп мазасыздық сезінетін болсаңыз, жүзуді үйренген қосымша құралдарсыз жүзе алатындығын түсінген кезде олардан бас тартқандай, уайымдаудан бас тартыңыз, өткеннің мазасыздығын жеңіп, уайымдауды тоқтатын уақыт келді. Егер сіз бір кездері жүзуді үйренген болсаңыз, онда сіз алдымен суға бата жаздағаныңызды ұмытпаңыз. Сіз көп күш салдыңыз, нәтиже бермеді, содан кейін кенеттен сіз өзіңізге таңғалып, ішіңізде жарық сәуле пайда болды, бірінші метрлерді жүзіп өттіңіз. Әсіресе балалар «Мен түсіндім!» – деп айқайлайды. «Мен жүзе аламын!». Бұл тек жүзуді үйрену ғана емес, мысалы велосипед, мотоцикл т.б. мыңдаған мысалдарды келтіруге болады. Бұл өмірде білесіз, бәрін үйрену керек, үйренбей ештеңе сізге бағынбайды. Сол себепті сізге психоэмоционалдық релаксация техникасын үйрену және дамыту қажет. «Мен түсіндім» дейсіз сіз – «Мен күйзеліссіз өмір теңізінде жүзе аламын». Сіз өзіңізді немесе өзгені уайымдап жүргенде, сіз өмір суына тұншығып батып бара жатасыз. Бірақ егер сіз уайымды жеңілдете алсаңыз, мазасызданусыз бір күн болса да өмір сүре алсаңыз, онда бұл сіздің жаттығуыңыздың бастауы болады. Сіз өмір теңізінде алаңсыз жүзуді үйренесіз және сіздің өміріңіздің әлдеқайда жақсарғанына көз жеткізесіз.

Предыдущая главаГлава 15 из 50Следующая глава